15:24 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
190 0 0

Ер адам есірткі алып бара жатқан серігімен бірге көрші елге өтпек болған

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik.  Ресейде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы мен оның серігі "Шарбақты-авто" өткізу бөлімшесінде ұсталды.

ткен түнде "Павлодар – Барнаул" бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара жасағы екі қазақстандықты ұстады. Оларды ұстауға 48 жастағы әйелдің косметикалық сөмкесінен қоңырқай сұйықтық (апиын ерітіндісі болуы мүмкін) толтырылған 10 мг медициналық шприцтің табылуы себеп болған. Айта кету керек, бұл шприцті шекарашыларға есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит тауып берген, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ұсталған әйел мен оның жанындағы 37 жастағы серігін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексерген кезде, ер адамды Ресей құқық қорғау органдары қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеп жатқаны анықталды.

Ұсталғандар Шарбақты аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.   


Тақырып бойынша

Астана әуежайында жолаушы есірткімен ұсталды
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Қырғыз бизнесмені Қазақстанмен шекарада кімдердің ақша бопсалайтынын айтып берді
Кілт сөздер:
қарақшылық шабуыл, есірткі, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып