Қоғам

Астанада мас полицей жол апатын жасады – видео

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол полициясының қызметкері жұмыстан қуылды, ал оның бұрынғы әріптестері тергеуді бастады

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Астананың оң жағалауында мас полицей жол-көлік оқиғасын жасады.

Заң бұзушы жол-патрульдік полицияның қызметкері болып шықты. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Кеше әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео жарияланған еді.

Роликте ішкі істер органдары қызметкерінің формасын киген жас жігіт мас күйінде рөлге отырып, алдында келе жатқан автокөлікті соққаны көрініп тұр.

Видео авторлары полицей ішімдікке сылқия тойып алып көлік жүргізгеніне ызаланады.  

"Қызметтік тексерістің қорытындысы мен тәртіптік комиссияның шешімі негізінде 25 желтоқсан күні ол ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылды", – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға елордалық полицияның баспасөз қызметі.

Құқық бұзғаны үшін экс-полицейге қатысты 608-бап (Көлік құралын мас күйінде жүргізу) әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, Астананың жол-патрульдік полициясы полкі бөлімшесінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0