Қоғам

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтардың телефоны байланыстан жаппай ажыратыла ма?

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс абоненттік құрылғылары байланыстан жаппай ажыратылмайды. Тек телефонға орнатылған SIM-карта автоматты түрде құрылғының IMEI-код-на тіркеледі. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Ер адам iPhone X ұстап отыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің тұрғындары ұялы телефонын тіркеуге міндеттелді

Орталық коммуникациялар қызметінде IMEI-кодтарды тіркеуге қатысты баспасөз мәслихаты өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Ярошенко жаңа жылдан кейін ұялы байланыс абоненттік құрылғылары жаппай істен шықпайтынына сендірді. 

"1 қаңтардан бастап абоненттік құрылғылар байланыстан жаппай ажыратылмайды. Яғни, жаңа жылдан кейін күшіне енетін ереже құрылғыларды байланыстан жаппай ажыратуды көздемейді. Бұл күні не болады? 1 қаңтарда телефонға орнатылған СИМ-карта автоматты түрде құрылғыға тіркеледі", — деді Ярошенко. 

Ол Жаңа жылдан кейін қолданушы СИМ-картаны өзгертуге тырысса, проблема туындауы мүмкін екенін атап өтті. 

"Бұрындары адамдардың көбі сатып алған СИМ-картаны өз атына рәсімдемеген. Себебі 1998-2000 жылдары ондай процедура болған жоқ. СИМ-карта ұйымға немесе дилердің атына рәсімделді. Сол адамдар әлі күнге дейін сол СИМ-картаны қолданып жүр", — дейді ол. 

Ал 1 қаңтардан бастап СИМ-карта өзі орнатылған телефонның IMEI-кодына автоматты түрде тіркеледі. Тиісінше, СИМ-карта кімнің атына рәсімделсе, телефон да сол адамға тиесілі болады. 

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
1 қаңтардан бастап кімдердің ұялы телефоны жарамсыз болып қалады?

"Мұның бәрі СИМ-картаны, телефонды қорғау үшін жасалып отыр. Сол себепті ұялы байланыс операторлары қазір сіздерден ЖСН сұрайды. Яғни  өздері қызмет көрсететін абонентті тіркеу үшін", — деді Ярошенко. 

Оның айтуынша, егер 1 қаңтардан кейін сіз телефоныңыздағы СИМ-картаның орнына басқасын қойып, ол бұған дейін мәліметтер базасында енгізілген деректермен сәйкес келмесе, телефон жарамсыз болып қалады. Егер СИМ-картаны орнына қойсаңыз, құрылғы жұмыс істей береді.


Жаңалықтар
0