03:13 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Сенат отырысы, архивтегі сурет

"Журналистердің сөзіне әуес болмаңыз" Министр Тоқаевтан сөз естіді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
600 0 0

Сенатта ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Сенат отырысында Алматы мен Шымкентті мегаполис деп атаған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөз естіп қалды, деп хабарлайды тілшісі.

Сенатта ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Сұрақ-жауап барысында ұлттық экономика министрі Алматы мен Шымкентті мегаполис деп атап, сенат спикерінен ескерту алды. 

"Біз мегаполис-мегаполис деп жатырмыз. Әлемдік категория бойынша, мегаполистің халқы 5 миллион адамнан басталуы керек. Бір миллион халқы бар қала мегаполис емес. Сондықтан, ұлттық экономика министрлігі, "мегаполис" секілді журналистер сөзіне әуес болмаңыз", — деді Тоқаев. 

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин республикалық маңыздағы қалалар үшін жаңа заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Себебі болашақта Қарағанды мен Ақтөбе де осындай мәртебеге ие болуы мүмкін екенін айтты. 

Ұлттық экономика министрі келесі жылы ведомство 2030 жылға дейінгі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын таныстыратынын мәлімдеді.


Тақырып бойынша

"Дайын болыңыздар!" Сағынтаев әкімдерге ескерту жасады
Сағынтаев Шөкеевке: Елбасының алдында тағы да ұятқа қалмайық
Сағынтаев қымбат көлік мінетін әкімдерге шүйлікті
Нығматулин қазақша білмейтін вице-министрді әбден ұялтты
Кілт сөздер:
мегаполис, Қасым-Жомарт Тоқаев, Тимур Сүлейменов, Шымкент, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып