Қоғам

Қазақстандықтар 2019 жылы асыға күтетін бес фильм

© Sputnik / Серикжан КовланбаевТомирис
Томирис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 қаңтарда қандай фильмдер көруге болады және келер жылы қандай премьераларды жіберіп алмауымыз керек?

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. 2019 жылы көрермен қауым қай туындылардың билеті үшін ақша төлеуге әзір?  оқырман назарына келер жылдың көптен күткен фильмдерін ұсынады. 

1 қаңтар күні қай киноны көруге болады?

Жаңа жылдың алғашқы күні әдетте тыныш: адамдар мерекеден кейін ұйқыларын қандыруға тырысады. Алайда кинотеатр қызметкерлері жыл сайын 1 қаңтарда таңертеңгілік сеансқа келушілердің саны артып келе жатқанын айтады. Қазақстандықтарды қандай премьералар күтіп тұр?

"Кімсің дәрігер: Шешім" (Ұлыбритания)

"Кімсің дәрігер" — 50 жылдан астам уақыт көгілдір экраннан түспей келе жатқан әлемдегі ең танымал телехикаялардың бірі. Дәстүрге сай үлкен экраннан көрсету үшін "жаңажылдық арнайы шығарылымдар" түсіріледі. Аталған туынды қазақстандық көрермендерді алғаш рет 2017 жылы қуантты.

Уақыт саяхатшысы туралы фильмнің жаңа маусымында Джоди Уиттакер атты әйел ойнайды. Тағы бір жаңалық — жаңа команда жаңажылдық шығарылымның орнына "жаңажылдық спешиал" әзірлеген.

Өкінішке орай, "Кімсің дәрігер: Шешім" фильмін Қазақстанда 1 және 2 қаңтар күндері тек Алматы қаласында көрсетеді.

Қар ханшайымы: Айнаның артында (Ресей)

Балалармен бірге көру үшін таптырмас мультфильм. Андерсонның әйгілі ертегісіне аздаған өзгеріс енгізіліп, сүйікті кейіпкерлер жаңа қызықты оқиғаларға тап болады. Мультфильм көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз!

Қаңтардың басқа премьералары

3 қаңтардан бастап Қазақстанда 2015 жылғы "Қардағы қырғын" балалар мультфильмінің жалғасы — "Қардағы көлік жарысы" шығады (Канада).

Отбасымен бірге отырып "Мэри Поппинс қайта оралады" атты фильмді көруге болады (АҚШ).

Танымалдылық жағынан рекорд орнатқан "Рублевканың полицейлері. Жаңажылдық былық" комедиялық телехикаясының үлкен экранға арналған нұсқасы түсірілді (Ресей).

Режиссер қызықты эксперимент жасады. Осы күнге дейін жас шектеулеріне байланысты кіре алмағандар үшін кинокомиксті қайта өңдеп, жаңа кейіпкер мен 15 минуттық көрініс қосып, "Ертеде өмір сүрген Дэдпул" атты фильм дайындады.

Тағы бір ресейлік "Т-34" атты көптен күткен туынды 10 қаңтар күні жарыққа шығады.

Осы күні "Келін де адам — 2" комедиялық сиквелдің премьерасы болады.

2019 жылдың басты бес фильмі

Жаңа жылда қазақстандықтар қандай кинопремьераларды асыға күтіп жүр?

халық арасында сауалнама жүргізіп, көрермен қауым міндетті түрде барып көретін бес фильмді анықтады.

"Томирис" (Қазақстан)

Фильм Томирис ханшайымның рөліне кастинг жарияланған күннен бастап жұрттың қызығушылығын тудырды. Түсірілімнің ауқымдылығы, өзіне сенімді актриса, шынайы тарихи деректер мен жантебірентерлік көріністер — осының барлығын жұрт Ақан Сатаевтың жаңа фильмінен асыға күтіп жүр.

Картина мамырдағы мерекелерге орай шығады деп жоспарланып отыр, оның продюсері — Әлия Назарбаева.

"Тартылыс-2" (Ресей)

Федор Бондарчуктың қиял-ғажайып блокбастерінің жалғасы тек 2019 жылдың соңында көрсетіледі. Алайда оның трейлері әзірдің өзінде көптің талқысына түсіп жатыр.

"Алладин" (АҚШ)

1992 жылы түсірілген классикалық мультфильмнің ремейкі көрерменге мамырда жол тартады. Аталған туындының режиссері танымал британиялық Гай Ричи, ал Джинды мықты актер Уилл Смит сомдайды.

"Қара киген адамдар: Интернэшнл" фильмі (АҚШ)

Командадан Уилл Смит пен Ли Джонс "кетті". Десе де бұл жолы сиквелді жаңа қызықты кейіпкерлер толықтырды.

Бірінші бөлімі 1997 жылы, екіншісі 2002 жылы шықты. Олардың екеуі де хитке айналды.

Крис Хемсворт, Тесс Томпсон және Лиам Нисон көрермен қауымның жүрегін жаулай алар ма екен? Оны маусым айында көретін боламыз.

"Арыстан патша" (АҚШ)

Әйгілі мультфильмнің ремейкі. Бала күннен бері таныс мультфильм кейіпкерлеріне жан бітіп, музыкасы әдеттегідей тамаша болады. Ал достық, жақсылық пен жамандық, отбасы мен мәңгілік құндылықтар туралы оқиға бұрынғыдай еліктіре түседі.

Мультипликациялық мюзиклді шілде айынан бастап кинотеатрдан көруге болады.

Жаңалықтар
0