Қоғам

Астанада отшашу қайда және қашан болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жыл түні қалалық алаңда, "Хан Шатыр" сауда орталығының жанында және Ботаникалық бақта отандық эстрада жұлдыздарының қатысумен концерт өтеді

АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Жаңа жылдық отшашу елорданың үш ауданында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні болады. 

Жаңа  жылға арналған мерекелік отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан, "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының аумағында, сондай-ақ Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысындағы гүлбақта тамашалауға болады.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де іске қосылады.  

Астанада Жаңа жыл мерекесінде қайда баруға болады?

31 желтоқсан күні отандық эстрада жұлдыздары елордада тұрғындары мен қонақтары үшін концерт береді.

Жұлдыз жорамал - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2019 жылға жұлдыз жорамал: Жаңа жылда кімдердің жолы болады?

Мерекелік бағдарлама сағат 21:00-де қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда, "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының жанында және Ботаникалық бақта басталады.

Елорда циркінде 7 қаңтарға дейін, сенбі және жексенбіде сағат 16:00-де "Бақыт құсы" бағдарламасы өтеді. Тәуелсіздік сарайында бірқатар көрме ұйымдастырылады. 6 қаңтарға дейін Сейсенхан Махамбетовтың туындыларының экспозициясы, сондай-ақ "Антиквариат" көрмесі ашық болады.

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күнінде сағат 15:00-де "Астана Опера" театрында "Астана Опера" концерті, ал 5 қаңтарда сағат 12:00-де "Жануарлар карнавалы" зоологиялық қиял-ғажайып көрермендерді қуантады.

Кішкентай балаларды 1 қаңтардан 6 қаңтарға дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 12:00-ден 14: 00-ге дейін қуыршақ театры күтеді, онда жалмауыз кемпірдің қитұрқы істері туралы жаңа жылдық ертегі көрсетіледі.


Жаңалықтар
0