Қоғам

Бүгін Астанада ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері Астана қаласында 27 градусқа дейін аяз болатынын хабарлады. Жел оңтүстік-батыстан секундына жеті метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура —23; —25 градус, күндіз —17; —19 градус болады.

Қыс мезгілі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде қаңтардың соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

Үшінші қаңтарда Астанада аспан ашық болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына бес және он метрге дейін соғады. Түнде сынап бағанасы 27 градусқа дейін, ал күндіз 17-19 градусқа дейін төмендейді.

Алматы қаласында екінші қаңтар күні қар жауып, ауа температурасы күндіз нөлден минус екі градусқа, ал түнде 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Үшінші қаңтарда да аспан ашық болып, күндіз ауа температурасы —1; —3 градус, түнде —6; —8 градус болады.

Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы күндіз +3; +5 градус болып, түнде 0; —2 градусқа дейін суытады. Үшінші қаңтарда да қар аралас жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасының +2; +4 градус, ал түнде —2; —4 градус болуы ықтимал.

Жаңалықтар
0