07:23 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Айна

Денис Теннің өліміне күдіктінің басқа қылмыстары туралы сотта айтылды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (100)
226 0 0

Денис Теннің қазасынан бір ай бұрын Ермек Жанғабаевтың көлігінің айнасы ұрланыпты, оны ұрлады деген күдікке мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргендердің бірі ілінді

АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Денис Теннің қазасы бойынша сотта жәбірленушілердің бірі, алматылық Ермек Жанғабаевтан жауап алынды. Денис Теннің өлімінен бір ай бұрын оның да көлігінің айнасы ұрланған.

"2018 жылдың 22 маусымында таңғы 8.30-де жұмысқа барғалы жатқанмын. Шевченко — Шағабұтдинов көшелерінің қиылысында орналасқан үйімнен шықсам, көлігімнің айнасын камераларымен бірге ұрлап кетіпті. Бірден полиция шақыруға шешім қабылдадым. Полиция келіп, бәрін жазып алды. Сол күні бұрын пайдаланылған айна сатып алып, орнатып қойдым. Кейінірек маған полицейлер хабарласып, айнаны күдіктіден (Арман Құдайбергенов – Sputnik Қазақстан) таптық деп айтты. Айнаға көліктің техпаспортта көрсетілген VIN коды ойылып жазылған еді. Тергеушіге барғанымда, заттай айғақты көрсетті, техпаспорттағы VIN кодымен тексеріп едім, сәйкес болып шықты. Бірақ айналардың корпусын алып тастапты. Осы іс бойынша берген мәліметім түгел іс материалында көрсетілді", — деп мәлімдеді Жанғабаев.

Қазір үзіліс жарияланған. Түстен кейін тағы бір зардап шеккен Астана тұрғыны Сапар Шәмшиевтен жауап алынады. Денис Теннің қазасынан бір апта бұрын Құдайбергенов оның да көлігін тонаған.

Сотталушылар — Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Бастапқы екі күдіктіге "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының қарақшылық жасауы" және "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының кісі өлтіруі" деген баптар бойынша айып тағылды. Ал Толыбаева қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінді.

Құдайбергенов пен Қиясов ұрлық жасағандарын мойындады. Алайда Денис Тенді өлтіруді жоспарлаған жоқпыз дейді. Толыбаева соттан өзі айыпталып отырған баптарды өзгертуді сұрады.

"Қылмыс жасалып жатқанын білмедім. Бапты өзгертуіңізді сұраймын, кім қалай пышақ сұққанын көрген жоқпын. Өз айыбымды мойындамаймын. Маған тағылған айыптауды ҚР ҚК 30-бабы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен шығуы) бойынша өзгертуді сұраймын", — деп мәлімдеді сотталушы.

Сот мемлекеттік тілде судья Кеңшілік Әбелдиновтің төрағалығымен өтіп жатыр. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (100)

Тақырып бойынша

"Белбеумен ұра бастады" - прокурор сотта Денис Теннің қалай өлтірілгенін айтты
Денис Теннің қазасы: сотта жәбірленуші тарап спортшының тапсырыспен өлтірілгенін айтты
Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот басталды
Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы
Алматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылғаннан кейін шу шықты
Кілт сөздер:
сот ісі, жәбірленушілер, күдіктілер, қылмыс, Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов, Денис Тен
Загрузка...

Басты тақырыптар