21:26 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Анасы мен баласы 28 жылдан кейін жылап қауышты

Әйелінің соңынан кеткен: түркістандық кейуана 28 жыл көрмеген ұлымен жылап қауышты

© Sputnik / Константин Чалабов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6684 0 0

Анасы украиналық келінді қабылдай алмай, көпке дейін ұлына ренжіп жүрген

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Түркістан қаласының тұрғыны Гүлнәр Тәжібаева осыдан 28 жыл бұрын үйден кетіп оралмаған ұлымен қауышты. Ол осы күнге дейін он бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. 1992 жылы Горбачевтен, кейін Назарбаевтан медаль алған. 

Тұңғыш ұлы Қалыбек Украина жерінде отан алдындағы борышын өтеп жүріп Света есімді аруға ғашық болады. Кейін оны өзімен бірге ала келіп, отбасымен таныстырады. Гүлнәр Тәжібаева келінінің өзге ұлт өкілінен болғанын қабылдай алмағанын жасырмайды. Араға бірнеше ай салып келіннің анасынан ауырып жатқаны туралы жазылған телеграмма келеді. Осыдан кейін Қалыбек пен Света шұғыл Украинаға кетуге мәжбүр болады.

"Баламды ерегесіп "Бармайсың" деп жібермеуге тырысып бақтым. Жіберсем, біржолата айырылып қалатындай болдым. Әкем маған қарсы шығып, жіберуім керектігін айтты", — деді кейуана Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Гүлнәр Тәжібаеваның күйеуі тұңғышымен қайта қауышуды армандап дүниеден өтті. Бауырларының Қалыбекті іздемеген жері жоқ. Ал әулеттің келіні Гүлнәр Айдарова, расымен де, енесінің украин келінді қабылдай алмағанын айтады.

"2-3 айдай қолда тұрып, кейін енем "Ұлға да, келінге де сендім" деп ақыры жіберді. Іштей жібергісі келмеген еді, анамның әкесі қарсы болды. Қайын ағам қайтып келіп осы жерде алты айдай жүрді. Кейін қайта кетіп, екінші қызы дүниеге келгенге дейін хат-хабар алмасып тұрдық. Содан бері 25 жылға жуық уақыт хабар жоқ", — дейді ол.

Анасы ұлын іздеп 1995 жылдың аяғында хат жазады. Бұдан кейін ағасының жалғыз қызы Гүлмира қайтыс болғанда тағы хат жазды. 1993 жылдың 13 қарашасында отағасы қайтыс болып, сол туралы жазған кезде де, хатқа жауап келмейді. Кейін 2012 жылы өзі ауырып ауруханада жатқанында ұлының хат жолдағанын біледі.

Тағы оқыңыз:

"Мен жансақтау бөлімінде жатқанымда 1984 жылғы қызым жылап келді. Бір баланың ұлым туралы хабар әкелгенін айтты. Басқа неше түрлі жаман ойлар келді. Содан қызым Қалыбектің өзі туралы айтып, телефон нөмірін бергенін жеткізді. Ұлыммен сөйлескен едім, менен кешірім сұрады. Әйелімен неліктен ажырасып кеткенін сұрамауымды өтінді. Осылайша екі жылдай хабар алмасып тұрып, кейін тағы жоқ болып кетті. Осы баламды көруден артық арман жоқ еді менде. Аман болса, алдыма бір келгенін тіледім", — дейді кейуана.

"Қарекет" бағдарламасының журналистері Украина жерінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Қалыбекпен жолығады. Кейін небәрі бір жарым сағат ішінде паспорт жасатып, Қазақстанға алып келеді.

Қалыбек Айдаров осы күнге дейін жұмыс таба алмай, тіпті, көшеде жатқан күндерінің болғанын айтады.

"Анам мен іні-қарындастарымды сағындым. Үйге қайтқым келеді. Жаңа телефонмен сөйлескен кезде анам жылады. Мұнда мені ешкім жұмысқа алмайды. Үйіне кіргізген Людмила апайға көп рахмет. Ал әйеліммен ажырасып кеттік. Пәтерді мемлекет тартып алды. Бұдан кейін ешқайда бармаймын, Қазақстанда қаламын. Құдай қаласа, осы жерде боламын. Туған жердің қадірін енді түсініп жатырмын", — деді Қалыбек Айдаров.

Осылайша Қалыбек Айдаров 28 жыл бойы көрмеген анасымен бағдарлама студиясында қауышты. Анасы мен баласы құшақтасып, жылап көрісті. Сондай-ақ, олар құжаттардың аз уақыт ішінде дайын болғанына таңғалғанын айтып, бағдарлама ұжымына алғыс білдірді.

Тақырып бойынша

Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?
Депутат: Тұрсыновтың ешкісі Сартай батырдан, Сәбинка келін Керей мен Жәнібектен артық па?!
Ата-енесін туған ұлының көзінше атып тастаған: оралдық қанішерге үкім шықты
Оралда күйеу баласы енесін атып өлтірді
Енесін өртеп жіберген Ақмола тұрғыны ұзақ мерзімге сотталды
Қазақстанның оңтүстігінде жоғалып кеткен орманшыларды екі күн бойы іздеген
Кілт сөздер:
кейуана, қарекет бағдарламасы, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып