19:02 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Зорлық-зомбылық

Хайп үшін бе? Шырын Нарчаеваның соққыға жығылғаны түсірілген видео жарияланды

CC0 / Nino Carè
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3115 0 0

Әлеуметтік желідегілер қазақстандық қыздың видеосы шын ба, өтірік пе деп аң-таң

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Жалаңаш суреттерін жариялап, танымал болған қазақстандық қыз Шырын Нарчаеваның соққыға жығылған сәті түсірілген видео желіде тарап кетті. Қолданушылардың айтуынша, әжетханада Нарчаеваның мұрнын сындырыпты.

Кадрларда белгісіз біреулер "Мынау Шырын емес пе" деп қызға жетіп келеді. Ашуға булыққан бойжеткендер жас қызды балағаттап, соққыға жығады. Олар Тараз тұрғынының соңғы жазбаларына қатты ызаланса керек. Біраздан соң видеоны түсіріп тұрған ер адам жәбірленушіні арашалап, полиция шақырамын деп қыздарды қорқытты. 

(Видеода бейәдеп сөздер айтылған)

Кейбір желі қолданушылары видеоның әдейі хайп үшін түсірілгенін айтып, пікір қалдыруда.

Қазақстандық Шырын Нарчаева – әлеуметтік желідегі кезекті хайп жұлдыздардың бірі. Блогер қазақтың ұлттық киім-кешектерін пайдаланып, жалаңаш түскен суреттерін интернетке жариялап, халықтың жаппай наразылығын тудырды.

Бұдан бұрын елордалық жастар мәслихатының бұрынғы депутаты, модель Динагул Тасова омырауы көрініп тұратын киіммен сән көрсетіліміне шығып, салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол суреттерін желіге жариялап, әйелдер мен балаларға жасалған озбырлыққа қарсы күресетінін мәлімдеді.

Тақырып бойынша

Басы дауға қалған депутат-модель ашық-шашық киімді кім таңдап бергенін айтты
Астанада төсін жалаңаштаған депутат соққыға жығылды
Атышулы Байзақова: қазақша боқтап сөйлеген соң инстаграмда жұлдызға айналдым
Айжан Байзақова күйеу тауып беруді сұрады
Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды
Кілт сөздер:
ашық-шашық, жартылай жалаңаш, видео, ұрып-соғу
Загрузка...

Басты тақырып