14:59 19 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.69
  • EUR429.08
  • RUB5.97
Сүймен ұстаған адам, архивтегі сурет

Қарағандыдағы қанды оқиға: ІІМ қашып жүрген күдіктінің бейнеүндеуіне түсініктеме берді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2292 0 0

ІІМ Гурурянға істі ауырлатпау үшін полицияға өз еркімен берілуін ескертті

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі іздеу жарияланған 21 жастағы жігіттің желіде тараған мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыда жас жігіттің өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар күдікті Гурунянге іздеу жарияланған. 7 қаңтар күні желіде 21 жастағы күдіктінің бейнеүндеуі жарияланды. Онда Гурурян Қазақстан билігіне берілуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда ол адам өліміне қатысы барын жоққа шығарып отыр. 

"Қазіргі уақытта Қарағандыда бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде 8 адам ұсталып, қамалды. Күдіктілердің бірі  Гурурянға іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді ІІМ.

Желіде Гурурянның үндеуі тарағаннан кейін полицияның арнайы тобы күдікті жасырынуы мүмкін жерлерге аттанды. Күдіктінің туған-туыстарына екі күн бұрын полиция қызметкерлерінің байланыс телефондары берілді, алайда әзірге олармен ешкім байланысқа шықпады. 

"Қазақстанның ішкі істер министрлігі істі жан-жақты, объективті тергеуге кепілдік береді және Гурурянға істі ауырлатпау үшін полицияға өз еркімен берілуі қажеттігін ескертеді", - деді баспасөз қызметінен.

Істі тергеу барысы Қазақстан ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Тақырып бойынша

Қарағандыдағы қанды оқиға: Армения сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Қарағанды облысы әкімі қаза тапқан жігіттің туыстары және қала тұрғындарымен кездесті
Арменияның үкімет басшысы Қарағандыдағы қанды оқиға туралы пікір білдірді
Қарағандыдағы қанды оқиға: полиция ұлтаралық алауыздық туралы іс қозғады
Қарағандыдағы төбелеске ұлтараздық алауыздық себеп болмаған – прокуратура
Қарағандыдағы қанды оқиға: күдіктілердің суреті жарияланды
Кілт сөздер:
бейнеүндеу, іздеу, күдікті, адам өлімі, төбелес, Ішкі істер министрлігі, Гурурян, Қарағанды
Загрузка...

Басты тақырып