00:41 19 Қаңтар 2019
Тікелей эфир
  • USD378.66
  • EUR431.56
  • RUB5.70
Адамдар

Сұлтанов Астана халқының саны қашан 3 миллионнан асатынын айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
152 0 0

БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай адамзаттың 70 проценттен астамы қалаларда өмір сүретін болады

АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. 2030 жылға қарай елорда халқының саны 2 миллионға жетсе, 2050 жылы 3 миллионнан асады. Бұл туралы бүгін қала активімен кездесу барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сұлтанов қазіргі таңда қалалар жаһандық және аймақтық құрылымдық трансформациялардың басты платформасына айналып жатқанын атап өтті. БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай адамзаттың 70%-тен астамы қалаларда тұратын болады, қазір бұл көрсеткіш 54%-ке жеткен. 

"Астана демографиялық әлеуеті зор миллион халқы бар қала. 2030 жылға қарай халық саны 2 миллион адамға дейін өссе, 2050 жылға қарай 3 миллионнан асады", — деді елорда әкімі. 

Сұлтанов Астананы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыт бойынша жүргізілетінін айтты. 

"Біріншісі – адами даму. Қаланың басты капиталы – оның тұрғындары. Таланттарды елордаға тарту үшін және қалдыру үшін қалалық ортаны өмір сүруге тартымды әрі жайлы етуіміз керек", — деді әкім. 

Бірінші кезекте, оның айтуынша, бұл қолжетімді сапалы баспана, қауіпсіз қоғамдық көлік, жоғары сапалы медицина мен білім, қоғамдық қауіпсіздік.

Ал екінші бағыт – қаланың креативті экономикасы. 

"Бұл қонақжайлылық атмосферасын қалыптастыру, халық пен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту. Астана жаһандық сауда ағымдарының хабына, ең ірі тұтынушы нарығы мен еліміздің негізгі көлік-логистикалық торабына айналуы керек. Тиісінше қала қазынасына қосымша салықтар түседі", — деді Сұлтанов. 

Үшінші бағыт – қалалық жоспарлау. Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді.

Тақырып бойынша

"Жақсы көреміз". Министрлер Астана әкімі болған әріптестері туралы не дейді?
"3 мың пәтер беріледі". Астана әкімі ұстаздарды баспанамен қалай қамтамасыз етпек?
Астана 2 миллион халыққа дайын ба - Назарбаев елорданы дамыту туралы кеңес өткізді
Астана биіктіктен қалай көрінеді? Әкім сурет жариялады
Таяуда Астана қоқыс жинаудың жаңа жүйесіне көшеді
Кілт сөздер:
халық саны, тұрғындар, Бақыт Сұлтанов, Астана
Загрузка...

Басты тақырыптар