02:45 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген Ақтөбеде концерт қояды

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
210 0 0

Ақтөбенің 150 жылдығына орай көптеген іс-шаралар жоспарланған

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Биылғы жылдың мамыр айында Ақтөбеге 150 жыл толады. Осы датаға орай танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген концерт қояды. 

Бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырыста мерекелік шаралардың алдын ала жоспары қаралды, солардың ішінде әлемге танымал ақтөбелік Димаш Құдайбергеннің де концерті бар, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге облыс әкімі биылғы жылы халықаралық, республикалық, өңірлік және облыстық деңгейдегі көптеген шаралар өтетінін және ұйымдастырушылар көңіл көтеретін бағдарламалармен шектелмейтінін атап өтті.

"Бастысы – бұл кейін қала тұрғындары мен қонақтарына осы күнді еске салатын, облыс орталығының әрі қарай дамуына қызмет ететін жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандардың ашылуы. Ешбір ақтөбелік бұл үлкен шарадан тыс қалмауы тиіс",- деді Сапарбаев.

Ақтөбеге 150 жылдығына орай өңірде тұрғын үйлер, жаңа мектептер мен балабақшалар, саябақтар мен гүл бақтары пайдалануға берілмекші. 

Бұдан бөлек, Ақтөбеде Бөгенбай батырға, Есет батыр мен Ақтөбе кеңесінің бірінші төрағасы Василий Зинченкоға ескерткіштер ашылады. 

Тақырып бойынша

"Нағыз патриот!". Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео
Димаш ресейліктерді дауысымен тағы таңғалдырды – видео
"Қазақстандамыз". Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді
Қырғыздың халық әртісі Димаш Құдайберген туралы не ойлайтынын айтты
Димаш Forbes-тың табысты жұлдыздар тізіміне енді
"Ең арзан жерден тамақтана салатынбыз" Димаш жақын досын еске алды
Кілт сөздер:
мерейтой, концерт, Димаш Құдайберген, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып