01:36 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Қатты жел, архивтегі сурет

"Қатты жел мен көктайғақ" Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Максим Богодвид
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
268 0 0

Алдағы күндері бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжануда

АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Синоптиктердің ақпаратынша, ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с дейін барады. 

Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз жел күшейеді. 

Сондай-ақ, 10 қаңтарда Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Актау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ал 10-12 қаңтар күндері Қызылорда облысының кейбір аймағында – тұман, көктайғақ.  10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Тақырып бойынша

Көктайғақта құламау үшін не істеу керек — басымнан өткен жағдай
Көктайғақта қалай дұрыс құлау керек? Астаналық дәрігерден кеңес
Кілт сөздер:
ауа райы, облыс, синоптиктер, тұман, қатты жел, дабылды ескерту, Қазгидромет, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Шымкент, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып