Қоғам

Ғалымдар өмір жасын ұзартудың ең оңай әдісін анықтады

© Photo : Julita Қарттар
Қарттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар егде жастағы адамдардың өмірі мен көңілкүйін бақылай келе, өмір жасын ұзартудың ең қарапайым жолын ұсынды

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Ұлыбританиядағы Лондон университеті колледжінің ғалымдары өмір жасының ұзақтығы мен қартаю процесіне әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтады. Маңызды әрі пайдалы іс тындырып жүрмін деп ойлайтын қарттардың денсаулығы жақсарып, созылмалы дертке шалдығу қаупі азаяды екен. Мамандардың мақаласы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.

Адамдар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты

Ғалымдар English Longitudinal Study of Ageing (ELSA) атты қартаю процесін зерттейтін ұзақ мерзімді жобаға қатысқан 50 жастағы және одан асқан 7304 ер мен әйелді бақылау арқылы сараптама жүргізіпті. Олар әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер мен адам денсаулығын, соған байланысты олардың мінез-құлқын тексерген. Сонымен қатар Ұлыбританияның ұлттық статистикалық қызметі жүргізген сауалнама бойынша азаматтардың өз өмірін 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша бағалауы деректерін де пайдаланыпты. Зерттеушілер осы бағалар мен адамдардың төрт жыл ішіндегі денсаулығы арасында байланыс бар ма, жоқ па анықтады.

Белгілі болғандай, жасы ұлғайған сайын адамдар, әсіресе ер азаматтар өз өмірін төмен бағалайды екен. Алайда неке, дос-жарандар және туған туыстарымен жиі араласып тұру бұл көрсеткіштерді арттырған. Өз өміріне 9-10 балл баға берген қатысушылардың 73,1 пайызы достарымен апта сайын кездесіп тұрады. Бұдан бөлек қоғамдық ұйымдарға қатысатын, спортзалға, діни мекемелерге, музей мен театрларға барып тұратын егде жастағы азаматтар өз өмірлерін мәнді деп санайтын көрінеді.

Қариялар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Махаббат жасқа қарамайды: Астанада 80-дегі қария мен 55-тегі әйел үйленді

Ал адам өз өміріне неғұрлым жоғары баға берсе, денсаулығы да соғұрлым жақсы болып, созылмалы ауруларға (жүрек ауруы, инсульт, диабет, артрит, қатерлі ісік пен өкпенің созылмалы дерті) шалдығу қаупі төмендеген. Күнделікті тіршілігіне ешқандай нұқсан келмей, жан күйзелісі мен семіздікке ұшырамайтын болған. Өз өміріне қанағаттанатын адамдардың бәріне тән қасиет – физикалық белсенділік және дұрыс тамақтану.

Ғалымдардың айтуынша, бұз зерттеу адамдарды бақылау нәтижелеріне ғана сүйенетіндіктен, көрсеткіштердің сәйкес келуін біржақты қарастыруға болмайды. Дегенмен адамның мәнді әрі саналы өмір сүруі оның көңілкүйіне тікелей әсер ететін болса, денсаулығы мен өмір жасының ұзақтығына да ықпалын тигізуі әбден мүмкін.

Жаңалықтар
0