00:30 26 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.83
  • EUR430.99
  • RUB6.04
Мектеп

Мұғалімдерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" наградасы беріледі

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
318 0 0

"Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы осы жылдың маусым айында қабылдануы мүмкін

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді көтермелеу мақсатында "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасын бекітуді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасын талқылау барысында белгілі болды, деп хабарлайды тілшісі.

Бүгін Астанадағы №59 мектепте "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасы бойынша  қоғамдық тыңдау өтті. ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева жиналған ұстаздарға заң жобасын қысқаша таныстырып өтті. 

Заң жобасының 15-бабында "Республика алдында педагогикалық қызметтегі ерен еңбегі үшін педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы беріледі" деген норма бар. 

"Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар да педагогтің еңбегін көтермелеудің қосымша шараларын, оның ішінде Қазақстанда белгіленген мереке күндеріне орай бекітуге құқылы", — деді Қабимолдаева. 

Сондай-ақ, олар жергілікті үздік белгілері мен құрметті атақтарын, оның ішінде біржолғы сыйақы төлей отырып белгілеуге құқылы.

Заң жобасы ақпан айында мәжіліс депутаттарының қарауына түседі. Оған дейін үкіметте талқыланады. Заң жобасын әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түскен.


Тақырып бойынша

"Төбем көкке жетті". Шымкент әкімі мұғалімдерге тосынсый жасады – фото
Дариға Назарбаева үздік мұғалімдерге 2,4 млн теңгеден табыстады
Мұғалімдерге үстемақы қалай және қанша төленеді?
Жалақыны өсіру үшін тестен өтпей қалған мұғалімдерге қандай шара қолданылады?
Кілт сөздер:
министрлік, мектеп, марапат, мұғалім, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып