09:52 16 Қаңтар 2019
Тікелей эфир
  • USD377.85
  • EUR432.00
  • RUB5.63
ҰБТ, архивтегі фото

Қазақстанда төрт күннен кейін ҰБТ басталады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
178 0 0

ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар маусым айында қайта тестен өтіп, мемлекеттік грант беру конкурсына қатыса алады

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі 15 –20 қаңтар аралығында ақылы негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетінін хабарлады. 

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Тестілеу ақылы негізде өтеді, құны — 2242 теңге. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады, деп жазды ҚР премьер-министрінің сайты. 

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуге қатысу арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыра алады. Қаңтарда шекті балды жинаған тестке қатысушы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға коммерциялық негізде оқуға түседі. Сонымен қатар, ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар негізгі ҰБТ-ны маусым айында да тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.

"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде 2019 жылғы маусым-шілде айларында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет", — деп жазылған ҚР БҒМ ақпаратында. 

2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

Тақырып бойынша

2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?
Семейлік қыз ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады
ҰБТ-ны қайта тапсыру қанша тұрады?
"Әуелі анамды қуанттым": маңғыстаулық екі түлек ҰБТ-дан 136 балл алды
Кілт сөздер:
қаңтар, мектеп, ҰБТ, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар