09:55 16 Қаңтар 2019
Тікелей эфир
  • USD377.85
  • EUR432.00
  • RUB5.63
Моника Камукенж Камганза

ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді: африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2198 0 0

Жас әйел Қазақстанға табыс табу үшін келген. Визасының мерзімі өтіп кетіп, емшектен шықпаған сәбиімен жалғыз қалды

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Конгодан Қазақстанға келіп, сәби сүйген Моника Камукендж Камганза "Аналар үйіне" орналастырылды, деп хабарлайды осы жас әйелге қамқор болған "Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль.

Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы Моника Астанаға "ЭКСПО-2017" көрмесінде жұмыс істеу үшін келген. Алайда осы кезде Қазақстанда жүруіне рұқсат беретін құжаттарына қатысты қиындық туындайды. Оның үстіне әйел сәбиін жергілікті азаматтан босанғанын айтады. Енді бар қиындықтарымен жалғыз өзі қалып отыр.

Әйелге перзентханада босану үшін ақша төлеуге көмектесті. Блессинг (ағылшын тілінен аударғанда Құдай берген деген мағынаны білдіреді) атты қызы екеуі "Қорғау Астана" қорының қамқорлығында болды.

"Бүгін Мониканы біздің орталықтан аналар үйіне шығарып салдық. Ол сол жерде алты айға дейін тұра алады. Осы үшін серіктестеріміз "Аналар үйі" қорына алғыс айтамыз. Моника бізде маусым айынан бастап тұрды. Өкінішке қарай, бізде қордың мүмкіндіктері шектеулі. Оның үстіне қазір жылдың басы. Сондай-ақ, біз халықаралық Қазақстанға қоныс аудару ұйымына алғыс айтамыз. Олар бізге перзентханаға ақша төлеп, бастапқыда күтім жасауға және сәбиге керектіні сатып алуға көмектесті", — деп жазды қор басшысы Анна Рыль өзінің Facebook парақшасында.

Мониканың оқиғасы жарияланғаннан кейін республиканың ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов әйел мен оның қызына құжаттарын рәсімдеуге көмектесетінін айтты.

Мониканың өзі Конгодағы отбасының ақшалай көмек көрсете алмайтынын жасырмайды.

Тақырып бойынша

Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті
Қарағандыда 143 жыл "өмір сүрген" әйел тұрады
65 жастағы әйел босанды: сәбиінің әкесі 80 жаста
Ақтауда жүкті әйел көз жұмды: туыстары перзентханаға басып кірді
Әйел көзі тірісінде өлі деп танылып, құжаттарынан айырылды
Таразда күйеуіне сәлем-сауқат жіберген әйел 20 жылға сотталуы мүмкін
Әйел өлім аузында жатқан сүйіктісіне ауруханада тұрмысқа шықты
Кілт сөздер:
сәби, аналар үйі, ЭКСПО, Қалмұханбет Қасымов
Загрузка...

Басты тақырыптар