23:55 25 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.38
  • EUR431.05
  • RUB6.02
Қар, бұрқасын

"Бұрқасын мен қатты жел" Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Виталий Аньков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2728 0 0

Синоптиктердің болжамынша, ертең бірнеше өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады

АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың бірқатар облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

13 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында да –  бұрқасын, жел (15-20 м/с).

Ал Солтүстік Қазақстан облысында кейбір аймақтарда бұрқасын соғады, тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Петропавлда да бұрқасындатады, жел күшейеді. 

Сондай-ақ, ертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде – бұрқасын, көктайғақ, жел (15-20 м/с). Ақтөбе қаласында түнде бұрқасындатып, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с дейін барады. 

13 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. 

Тағы оқыңыз:

13-15 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. 13 қаңтарда күндіз, 15 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп ескертті синоптиктер.

Тақырып бойынша

Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Көктайғақта құламау үшін не істеу керек — басымнан өткен жағдай
Кілт сөздер:
облыс, қатты жел, бұрқасын, көктайғақ, тұман, дабылды ескерту, Қазгидромет, Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы
Загрузка...

Басты тақырып