14:41 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Хазірет Сұлтан мешіті

Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
251 0 0

Бұдан былай мешіт ғимараты жергілікті жамағаттың санына орай 3 деңгейде салынады және мешіт салуда заманауи озық үлгілерді, Исламның және жергілікті сәулет өнерін пайдалану міндетті

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте айтты.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен құжат "Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі" деп аталады, ол еліміз бойынша типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртібін қалыптастыратын негізгі құжат. Ереже "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес әзірленген. 

Бұдан былай мешіт ғимараты жергілікті жамағаттың санына орай 3 деңгейде салынады: ауылдық (сыйымдылығы 70-500 адам), аудандық (сыйымдылығы 500-1500 адам), облыстық, қалалық (сыйымдылығы 1000-5000 адам).  

Құжатқа сәйкес, болашақта жаңадан салынатын мешіттің құрылысы заманауи талапқа сай жүргізілуі тиіс. Демек, Алла үйін тұрғызуға шешім қабылдаған адам ғимараттың көрікті болуына көңіл бөлуі шарт. Мешіт салуда заманауи озық үлгілерді, Исламның және жергілікті сәулет өнерін пайдалану міндетті. Мешіттің мұнарасы, күмбезі және ішкі-сыртқы безендірілуі жергілікті дәстүрге сай болуы тиіс.

Сонымен қатар, ҚМДБ қабылдаған құжат бойынша, енді мешіт жергілікті жамағаттың санына лайықтап салынатын болады. Бұған қоса мешіт ауласына автотұрақ, саябақ, т.б. қажетті нысандар тұрғызылмақ. Мешіт құрылысына сапалы және ұзақ мерзімге жарайтын материалдарды пайдалану талап етіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы құрылғылар да орнатылады, деп хабарлайды діни басқарманың баспасөз қызметі. 

Айта кетер жайт, 2018 жылы еліміз бойынша 38 мешіт пайдалануға берілді. Бүгінде республика бойынша 2 626 мешіт халыққа қызмет етуде.

Тақырып бойынша

"Әзірет Сұлтан" Орталық Азиядағы ең зәулім мешіт мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін
Шығыс Қазақстандағы ғасырдан астам тарихы бар мешіт құлағалы тұр
Қазақстанда мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі
Алматы облысында ер адам мешіт жанында үш жасар қызды ұрлап кетті
Оразаның алғашқы түнінде мешіт өртенді – куәгердің видеосы
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Елімізде "100 үздік имам" мен "үлгілі мешіт" анықталады
Астана тұрғыны мешіт маңында дәрет сындырған автобус жүргізушісіне шағымданды
Кілт сөздер:
ислам діні, жамағат, ереже, мешіт, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Серікбай қажы Ораз
Загрузка...

Басты тақырып