Қоғам

Қазақстан 2,5 мыңнан астам адамға іздеу салды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚазақстан 2,5 мыңнан астам адамға іздеу салды
Қазақстан 2,5 мыңнан астам адамға іздеу салды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан 1499 адамға халықаралық іздеу, ал 1026 адамға мемлекетаралық іздеу жариялаған

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мәжілісте Қазақстан мен Иордания арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды тілшісі.

Сириядағы ахуал - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сирия аспақ болған 500 қазақстандық кері қайтарылды
Бүгін мәжілісте Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Сұрақ-жауап барысында депутаттар бас прокурордың орынбасары Андрей Лукиннен шетелде Қазақстанның сот төрелігінен жасырынып жүрген адамдардың жалпы санын сұрады. 

"Бізде 1499 адам – халықаралық іздеуде, ал 1026 адам – мемлекетаралық іздеуде", — деді Лукин мәжілістің жалпы отырысында. 

Сондай-ақ ол күдіктілерді ұстап беру туралы екіжақты келісім жоқ елдермен өзара іс-қимыл қалай жүзеге асатынын түсіндірді. 

"Егер қандай да бір елмен екіжақты келісім болмаса, біз өзара уағдаластық тәртібінде жұмыс істейміз. Қазір мұндай тәжірибе көптеген елмен, соның ішінде Еуропа мемлекеттерімен кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, өткен жылы Германия бізге осындай тәртіппен үш адамды ұстап берді", —деді ол. 

Лукин күдікті адамдарды ұстап беру бойынша тиісті конвенциялар, атап айтқанда Минск конвенциясы негізге алынатынын атап өтті. 

Депутаттар Қазақстан мен Иордания арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Келісімде бір жылдан аз емес мерзімге жазаланатын қылмыс жасағаны үшін күдікті немесе айып тағылған адамдарды ұстап беру көзделген.

Жаңалықтар
0