20:09 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
ер адам

Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?

© Photo: CC0 / Gerd Altmann
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1487 0 0

Ғалымдар өтірік айтудың денсаулыққа зиян екенін анықтады. Әрі өтірік айту екіжүзділікке алып барады, ол екеуі де үлкен күнәға жатады

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Біреудің сізге өтірік айтқанын білудің бірнеше тәсілі бар. Сөйлеп тұрған адамның сөзі мен қимылына талдау жасап, оның қай жерде өтірік соққанын анықтауға мүмкіндік бар. 

Мәтіннің лингвистикалық анализі технологиясы адамның өтірік айтып тұрғанын анықтаудың 4 тәсілін ұсынады:

  • Өтірік айтушы көбінесе "ол, пәленше, олар" деген 2, 3-ші жақтағы сөздерді қолданады. Осылайша өзін өтірігінен аулақ ұстауға тырысады.
  • Ол көбіне негативті болып келеді. Себебі, санасының түбінде бәрібір өзін кінәлі сезінеді. Мысалы: "Менің мына жаман телефонымның қуаты сөніп қалыпты, жек көрем оны" дейді.
  • Олар, әдетте жағдайды түсіндіру үшін толыққанды өтірігін құрастырып болғанша әңгімесінің басында қарапайым сөздерді қолданады.
  • Әдетте өтірігін білдірмеу үшін ұзақ, шұбалаңқы, түсініксіз сөздер айтады. Сөйлемдерінің арасына керексіз сөздерді жиі қосады.

Осылайша, бір өтірікке бір өтірік жамалып, өтірік айту әдетке айналып кетеді, деп жазады islam.kz.  "Денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, алдымен өтірік айтуды доғарыңыз" дейді ғалымдар.

Олар өтірік айтудың денсаулыққа зиян екенін анықтады: өтірікті жиі айтатын адамдар ашуланшақ келеді, басы жиі ауырады, қан қысымы жоғарылап, жүрек ауруларына да бейім келеді.

Өтірік айту екіжүзділікке алып барады. Ол екеуі де үлкен күнәға жатады.

Алла тағала Қасиетті Құранда: "Өзің білмейтін (әрі өзіңе қатысы жоқ) нәрсеге елікпе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында, құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де (Алланың алдында) жауапқа тартылады" ("Исра" сүресі, 36-аят).

"Жалған сөзден аулақ болыңдар!" деп бұйырады ("Хаж" сүресі, 10-аят).

Тағы оқыңыз: 

Сондай-ақ, біреудің сізге өтірік айтып тұрғанын сезсеңіз, оған күдікпен, жек көрушілікпен қарамаңыз. Керісінше, оның дұрыс емес екенін айтып, түсіндіріңіз. Бір рет өтірік айтты, енді оған ешқашан сенбеймін деп сенбеушілік танытуға тағы болмайды. Бір істің анық-қанығын білмейінше біреуге күмәнданып қарауға да тыйым салынған.

Тақырып бойынша

"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой" Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді
Талдықорғанда сержант демалыс алу үшін әкем өлді деп өтірік айтқан
Исламда құлақ тесу туралы не айтылған?
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Кілт сөздер:
екіжүзділік, өтірік айту, күнә
Загрузка...

Басты тақырып