02:05 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімовтің әйелі актердің өміріндегі ең қиын күнді еске алып жылады — видео

© Foto: Ақорданың ресми сайты
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
199910

Актер бір жыл ішінде үш бірдей жақын адамынан айырылған еді. Алдымен әйелі, кейін екі баласы мәңгілік сапарға аттанды

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова актердің өміріндегі ең қиын күндердің бірін көзіне жас алып отырып еске алды. Айтуынша, көзімен көрген бір жағдай әрдайым күйеуінің жанынан табыламын деп серт беруіне себеп болған. 

"Таңертең су алып келейін деп төменгі қабатқа түсіп кеткен болатынмын. Мен көтеріліп келе жатқанда кереуеттің ернеуін ұрып, "Балаларым, мені неге жалғыз тастап кеттіңдер" деп жатты. Мен сол дауысты естідім. Сол минуттан бастап өзіме оны бір минут та, бір сәт те жалғыз қалдырмауға серт бердім. Әрине, жүректегі жара жазылмайды ғой. Бірақ сол жараның ашылып кетпеуіне қызмет етемін", — дейді Бағдат Әшімова Қазақстан арнасының Асанәлі Әшімов туралы түсірген деректі фильмінде.

1993 жылы Асанәлі Әшімовтің шаңырағының ұйытқысы болған әйелі Майра Айманова ұзақ сапарға аттанып кетті. Оның артынша ұлы Мәди, тағы алты айдан кейін Сағи қайтыс болды. Жақындары мұның барлығы Асанәлі Әшімовке ауыр тигенін, оның өмірі үшін қорыққандарын жасырмайды. Десе де актер бұл қиындықтардан шыға білді.

"Уақыт сияқты адамның да тағдыры өзгеріп тұрады. Оның тағдырында талай келеңсіз оқиға болды. Бір үйде бір жылдың ішінде үш адамнан айырылып қалған кезі болды. Екі ұлы бүгінде тірі болса, алпыс жасқа келіп қалатын еді. Шешесінен де айырылды. Осының барлығына мұңайып кетпей, жасып кетпей, бүкірейіп кетпей, өнері арқылы қарсы тұра білді", — дейді режиссер Есмұхан Обаев.

Бүгінде жасы сексеннен асқан актер өзінен 34 жас кіші медбикеге үйленіп, бір перзент сүйіп отыр. 11 жастағы Асанәлі Әшімов те болашақта әкесі секілді актер болуды армандайды.

Тағы оқыңыз: 

Тақырып бойынша

Асанәлі Әшімов парамен ұсталған театр директорына қолдау көрсетті
"Өлтірмей тұрғанда" Әйел үйде босануға мәжбүрлеген күйеуі туралы айтып жылады
Алматылық әйел жаны қысылғанда үш баласын тастап кеткісі келгенін айтып жылады
Головкиннің жеңілісін көрген кішкентай фанаттары ағыл-тегіл жылады – видео
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды
"Актер болуды армандаған емеспін". Самал Еслямова қазақстандық журналистермен кездесті
Кілт сөздер:
тағдыр, отбасы, актер, видео, Сағи Әшімов, Асанәлі Әшімов
Загрузка...

Басты тақырып