23:08 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ақша

"Тарихта алғаш рет" ТҮҚЖБ салымшыларына қанша сыйақы төленетіні белгілі болды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
347 0 0

2019 жылдың қорытындысы бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына төленетін мемлекеттік сыйақы 100 мың теңгеден асады

АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова салымшыларға аударылатын мемлекеттік сыйақы туралы айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Ибрагимова жыл сайын ТҮҚЖБ-да мемлекеттік сыйақы өсіп келе жатқанын атап өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйақы 300 мыңнан астам салымшыға төленбек. Ол 96 мың теңгеден асады. 

"Сіздер білесіздер, заң бойынша мемлекеттік сыйақы 200 АЕК-тен аспайтын сомаға аударылады. 2019 жылы тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік сыйақы 100 мыңнан асады. Яғни, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 101 мың теңгені құрайды", — деді ол тұрғын үй қолжетімділігі мен сапасын арттыруға қатысты өткен брифингте. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда бала тууға байланысты Қазақстанда ипотекаға сұраныс артып келеді. 

"Жыл сайын Қазақстанда 420 мың бала дүниеге келеді, әр сәби – жаңа бөлме деген сөз. Сондықтан алдағы жылдары құрылыс секторы үшін көптеген мүмкіндікке жол ашылады деген ойдамын", — деді Ибрагимова. 

Осы орайда ТҮҚЖБ басшысы қызықты статистиканы келтірді. 

"Біздің салымшылардың орташа жасы – 36 жас. 150 мың балалар депозиті ашылған, 0-ден 18 жасқа дейін. Ал әр үшінші салымшы – 18 бен 29 жас аралығында. Сондықтан біз үшін жастар басымдыққа ие топ", — деп атап өтті ол.


Тақырып бойынша

Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алушылардың тізімі жарияланды
"7-20-25": қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді
Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Осы аптадан бастап қазақстандықтарға баспана үшін миллион теңгеден беріледі
Кілт сөздер:
сыйақы, ипотека, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып