Қоғам

Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үш адам сотталды

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты деп танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды тілшісі.

Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша Нұралы Қиясов 18 жылға, Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал аяғы ауыр Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қиясов пен Құдайбергенов жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде, ал Толыбаева қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. 

"Жанар Толыбаева Қиясов пен Құдайбергеннің сол күні пышақ салғанын, жарақат алған атақты спортшы екенін біле тұра сол күні Қапшағайға демалуға кеткені, қылмысты біле тұра құзырлы органдарға хабарламағаны үшін айыпты деп танылып отыр. Толыбаеваның 4 жастағы баласы бары және аяғы ауыр екені ескеріле келе үкім шықты", — деді судья Кеңшілік Әбілдинов. 

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық" және 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылды. Нұралы Қиясов "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша сотталды. Жанар Толыбаева "Ұрлық" бабы бойынша ақталып, бірақ 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. 

Сот Құдайбергенов пен Қиясовтан процессуалды шығын ретінде 1 860 520 теңге өндіруді үкім етті. Сонымен қатар Құдайбергеновтен басқа қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің пайдасына 510 мың 634 мың теңге өндірілді. 

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты - Sputnik Қазақстан
1/3
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты - Sputnik Қазақстан
2/3

3/3

Куәгер полицейлер жауапқа тартыла ма?

Жарыссөз кезінде марқұм спортшының анасы Оксана Тен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі екі инспекторды Азамат Нұрпейісов пен Әділбек Мұсаевты салғырттығы мен әрекетсіздігі үшін жауапкершілікке тарту туралы қолдаухат берді. 

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полицей күдіктілердің Денис Тенді өлтіріп жатқанын көрген
Еске сала етсек, полицейлер Денис Теннің сотталушылармен төбелесіп жатқанын көргенін мәлімдеген еді. Сотта тәртіп сақшылары куәгер ретінде жауап берді. 

Оксана Тен қос полицейдің үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке арыз жазды, қазіргі таңда іс уақытша тоқтатылған. 

"Бұл істе мен куәгер ретіндемін, оларға ешқандай талап қоя алмаймын. Неге екені белгісіз, қазіргі таңда іс уақытша тоқтатылған. Полицейлер сол баяғыдай жұмыс істеп жүр, қылмыстық іс болса да, қызметінен шеттетілген жоқ. Бұл іске жәбірленуші ретінде қатыса алуым үшін, істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімнен басқа органдарға беруді тағы бір мәрте талап етемін. Әйтпесе, бұл полицейлердің үстінен жаңа арыз жазамын", — деді Оксана Тен жарыссөз барысында.

Денис Теннің анасы ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді

Оксана Тен сот процесі кезінде қылмыстың тапсырыспен жасалғанына сенімді екенін мәлімдеді. Жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров алдын ала тыңдалым кезінде 2018 жылдың 20 шілдесінде Астана қаласында айна ұрлап ұсталған Арман Құдайбергенді сотқа дейін қаладан шықпау туралы қолхатпен босатып жіберген полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірді. 

Оксана Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің анасы неге ұлын тапсырыспен өлтірді деп санайтынын айтты
Сотталушы өзінің соңғы сөзінде Денис Теннің отбасынан кешірім сұрады. Бастапқыда Құдайбергенов пен Қиясов кінәларын мойындағанымен, кейін тек ұрлық жасағаны үшін айыпты екенін және кісі өлтіруді алдын ала жоспарламағанын айтып осы уақытқа дейін берген жауабын өзгертеді. Ал Жанар Толыбаева соңғы сөзінде өзінің не үшін айыпталып отырғанын түсінбейтінін жеткізді. 

Оксана Тен сот үкім шығарарда қоңырауларды тексергеннен кейін Толыбаева мен кейбір куәгердің ортақ таныстары болғанын мәлімдеді. 

"Сотқа дейінгі отырыста және сотқа дейінгі тергеу барысында телефон қоңырауларын тексеру арқылы Толыбаева мен бірнеше тұлғаның өлімнен бірнеше күн бұрын сөйлескені белгілі болды. Бұл жай ғана кездейсоқтық болуы мүмкін емес", — деді марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы. 

Қайғылы оқиға қалай болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында қаза тапты. Спортшы көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болғанда сан тұсынан пышақ жарақатын алды.

Жаңалықтар
0