03:50 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қыз

Астанада ұшты-күйлі жоғалып кеткен қыздың тағдыры белгілі болды

CC0 / SuperHerftigGeneral
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5343 0 0

Екі тәулік бойы ізім-ғайым жоғалып кеткен қыз ауруханадан табылған

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Астанада туыстары екі тәулік бойы іздеген Сабина Жүнісбекова табылды, деп хабарлайды елорданың полиция департаменті баспасөз қызметі.

26 жастағы қыз Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғыны екен.

"16 қаңтарда полицияға Бөкейхан көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанында сырт киімі жоқ, мінез-құлқы біртүрлі қыз жүргені туралы хабарланған. Тексеру барысында 16 қаңтарда үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы Жүнісбекова Сабина екені анықталған. Туыстары полицияға арыз беріпті", — делінген хабарламада.

Қыз белгісіз заттан улану белгілерімен Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізіліпті. Бұған дейін жол апатына ұшырағаны туралы мәліметті полиция растамады. Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тексеру жүріп жатыр.

Қазір Сабина Жүнісбекованың жағдайы бірқалыпты, дене жарақатын алмаған, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер мен туыстарының бақылауында.

Тақырып бойынша

Астанада қатты аязда сәби сырт киімсіз далаға шығып, жоғалып кетті
Ер адам елу жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін үйінің жертөлесінен тапты
"Ғалам аруы" атағына үміткер қыз байқауға бара жатып жоғалып кетті
Тойда күйеу жігіт жоғалып кетті, не болғаны жарты сағаттан соң анықталды
Қазақстанның оңтүстігінде із-түзсіз жоғалып кеткен қыз табылды
Оралда 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті
Оралда студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Кілт сөздер:
қыз, жоғалып кету, полиция, Астана
Загрузка...

Басты тақырып