05:08 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қыз

Сұлулық сырлары: 40 жаста он сегіздегі қыздай құлпыру үшін не істеу керек?

CC BY 2.0 / Momo / Looking Forward (Cropped photo)
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3250 0 0

Автралия тұрғыны Белинда Нортонның айтуынша, адамды әлеуметтік желілер мен дұрыс тамақтанбау тез қартайтады

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Австралияның Квисленд штатында тұратын Белинда Нортон өз жасынан екі есе жас көрінеді. Ол қартаюмаудың құпиясымен бөлісті.

Әйелдің айтуынша, оптимистік мінезі, массаж және құрбыларымен жиі бас қосуының арқасында бетіне әжім түспей, күннен-күнге құлпырып бара жатқан көрінеді, деп жазады The Mirror.

"Қыз-келіншектер әрдайым бас қосып, шүйіркелесіп, осылайша артық күйзелістен арылып отыруы тиіс", — деп санайды Нортон.

Ал өз жасынан анағұрлым жас көрінгісі келетіндерге келіншек тамақ рационына ерекше мән беруге кеңес берді – аптасына алты рет дұрыс тамақтану және зиянды сусындардан бас тарту.

Оның үстіне, "ешқашан қартаймайтын" австралиялық ханым спортмен де жиі шұғылданады екен. Бірақ дене шынықтыруда жүгіруді мүлдем құптамайды. Ол адам ағзасын күйзеліске ұшыратады, дейді әйел. Сол себепті Нортан жаяу жүру және жеңіл гантельдермен жаттығуды жөн көреді. 

Әйелдің сөзіне сүйенсек, дұрыс ұйықтау да адам ағзасының қартаюына жол бермейді. Ұйықтар алдында Нортон әлеуметтік желіге жоламайды, оның орнына кітап оқиды немесе ванна қабылдайды.

Тақырып бойынша

Ғалымдар өмір жасын ұзартудың ең оңай әдісін анықтады
Ұзақ өмір сүру үшін қалай дұрыс тамақтану керек?
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты
Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті
Кілт сөздер:
сұлулық, дұрыс тамақтану, денсаулық, қартаймау, жасару, ұзақ ғұмыр
Загрузка...

Басты тақырып