03:02 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
айдың тұтылуы

Ертең ай тұтылады: астролог оның адамдардың өміріне қалай әсер ететінін айтты

RUPTLY, ASSOCIATED PRESS
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
484702

Астролог маман ай тұтылған күні және одан кейінгі кезеңде не істеген жөн және неден аулақ болу керектігін айтты

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Ертең Астана уақыты бойынша 18.13-те ай толығымен тұтылады. Қазақстанның тұрғындары бұл құбылысты көре алмағанымен, айдың тұтылуы бүкіл адамға әсер етеді. 

Бұл қаңтардың екінші жартысындағы ең қауіпті және қиын күндердің бірі болады, деп ескертеді астролог Ирина Абдраимова.

"Бұл күні барлық жағдайда сақтық таныту керек. Айдың энергетикасы адамдарға жақсы әсер етпейді. Бұл күндері біз көптеген проблемаға тап болуымыз мүмкін, жанжалдар, ұрыс-керіс, оқыс және қайғылы жағдайлар болып, кей адамдардың денсаулығы күтпеген жерден нашарлауы мүмкін.  Іскерлік, сондай-ақ жеке қарым-қатынастарға қауіп төнеді. Сондықтан бұл күнді мүмкіндігінше жалғыз өткізген жөн", — дейді астролог.

Айдың тұтылуы әйел мен ердің арасындағы байланысқа қатты әсер етуі мүмкін. Маманның айтуынша, жұптардың қарым-қатынасы нығаюы ықтимал, дегенмен көп жағдайда керісінше олар ажырасып кетеді.

"Айдың тұтылуынан кейін адамдардың өзінің серігі туралы пікірін өзгертуі жиі болады. Тіпті өміріңізді өзгерту туралы шешім қабылдауыңыз мүмкін – жұмыстан шығу, көшіп кету немесе жаныңыздағы адаммен қарым-қатынасыңызды үзу жөнінде ойлар мазалайды", — деді Абдраимова тілшісіне.  

Тағы оқыңыз:

Оның айтуынша, егер бір аптадан кейін де осындай ойлар мазалай беретін болса, тек сонда ғана өміріңізді түбегейлі өзгертуге әрекет жасау керек. Бірақ әуелі бүкіл мәселені жан-жақты таразылау қажет. 

"Бұл күндері күйзеліске бой алдырмау керек. Жақсы ұйықтап, асыра сілтеп еңбектенуден аулақ болыңыз. Сапар мен саяхатқа шықпаған жөн. Өмірді өзгерту туралы маңызды шешімдер бекер, тіпті өзіңізге зиян келтіруі мүмкін. Бұл кезеңде ешкіммен жанжалдаспаңыз, жеке өміріңізді түбегейлі өзгертуге талпынбаған дұрыс. Электр қуатымен абай болып, ұшақпен ұшудан бас тартқан абзал", — дейді астролог. 

Тағы оқыңыз: 

Тақырып бойынша

Ислам діні айдың тұтылуы туралы не дейді және бұл уақытта не істеген дұрыс?
2019 жылдағы күн мен айдың тұтылуы
Айдың тұтылуы: әлемнің әр түпкірінен айшықты суреттер
Астролог айдың тұтылуынан кейін адам өмірінде не өзгеретінін айтты
Ғасырда бір болатын құбылыс: бүгін қазақстандықтар айдың толық тұтылуын көреді
Қазақстан халқы бүгін түнде айдың тұтылуын көре алады
Кілт сөздер:
құбылыс, астролог, айдың тұтылуы
Загрузка...

Басты тақырып