09:06 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қытай

Қытайда лагерьден босаған қазақтарды үйқамаққа алып жатыр - СІМ не дейді?

© Sputnik / Валерий Мельников
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1054 0 0

Былтыр желтоқсан айында шетелдік дипломаттар Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданына барған, олардың арасында Қазақстан елшілігінің қызметкерлері де бар

АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайдан этникалық қазақтар тұратын аудандарды көрсетуді сұрап отыр. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Қиырдағы қазақтар фильмінің кейіпкерлері
© Photo : предоставлены руководителем проекта "Киырдагы казактар" Олжасом Беркинбаевым
Financial Times Қытай Шыңжаңдағы лагерьлерден босатқан жүздеген этникалық қазақты үйқамаққа алып жатқанын хабарлаған еді. Басылымның мәліметінше, БҰҰ тарапынан болатын тексерістерді күтіп отырған Қытай билігі осындай қадамға бару туралы шешім қабылдаған. Бүгін СІМ-де өткен брифингте Смадияров ондағы қандастар Қытай азаматы болғандықтан, түсініктеме бере алмайтынын айтты. 

"Қытайдағы қазақтардың жағдайы Қазақстанның жіті бақылауында. Қазіргі таңда Қытайда 1,5 миллионнан астам этникалық қазақ тұрады. Олар мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдарында, әлеуметтік салаларда қызмет етеді. Олар Қытайдың толыққанды азаматы. Әрбір жекелеген жағдайда біз Қытай тарапын заң аясында, объективті және әділ әрекет етуге шақырамыз", — деді ол. 

Смадияров өткен жылдың соңында 2500-ден астам этникалық қазаққа Қытай азаматтығынан шығу мүмкіндігі берілгенін еске салды. 

"Бірақ шеттегі қазақ диаспорасын қолдай отырып, біз басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласуға жол бермейтін халықаралық құқықты сақтауымыз керек", — деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Былтыр желтоқсан айында шетелдік дипломаттар Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданына барған еді. Олардың арасында Қазақстан елшілігінің қызметкерлері де бар.

"Сапарды Қытай билігі ұйымдастырды. Біз Қытай тарапынан этникалық қазақтар тұрып жатқан аудандарды көрсетуді сұрадық. Ал бұл жолы мүлде басқа аудандарды араладық – Үрімші, Хотан және Қашғар", — дейді ол.

Тақырып бойынша

Қытай түрмесінде отырған қазақ қызының әке-шешесіне жазған хаты жарияланды
Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
Жыл басынан бері 2,5 мың қандас Қытай азаматтығынан шықты
Қытай Шыңжаңдағы "лагерьлерде" 1 миллион адам отырғанын жоққа шығарды
"Достас Қазақстан өркендей берсін" Қытай басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сенат депутаты: Қытай Қазақстанды басынан бақайшағына дейін зерттеп отыр
Кілт сөздер:
үйқамақ, қазақтар, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып