03:02 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Тәуелсіздіктің ұрпақтары жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі

"Қазақта ондай бәле болған жоқ" Назарбаев жастарға ақыл-кеңес берді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
170000

Президент үлкендер жастардың жүрегінен әрдайым жанашырлық пен қамқорлық күтетінін атап өтті

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев студент жастарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге кеңес берді, деп хабарлайды тілшісі. 

Назарбаев жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау сезімін қалыпастыру негізгі міндет екенін атап өтті.

"Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор. Ата-бабамыздан қалған салтымыз бар: кішілер үлкенді сыйлайды, ерлер әйелді сыйлайды. Батысқа ілесеміз, демократ боламыз деп, бәрін ұмытып кетуге мүлде болмайды", — деді Назарбаев жастарға. 

Елбасы қарттар үйінде тұратын қарияларды көргенде қабырғасы қайысатынын айтты. 

"Қазақта ондай бәле болған жоқ. Қартайған әке-шешесін үйінде ұстайтын. Кіші бала отау иесі деп неге айтқан. Баласын жетімдер үйіне беру қазақта болған жоқ. Қазақстанда жетімдер үйі болмауы керек. Жетімдер үйінің балаларын асырап алу керек. Ол адамға да, Аллаға да жағатын нәрсе", — деді мемлекет басшысы.

Назарбаев үлкендер әрдайым жастардың жүрегінен жанашырлық пен қамқорлық күтетінін атап өтті. 

"Қазір жассыңдар, өмір шексіз болып көрінеді. Қазақ айтады ғой, ғұмырың қамшының сабындай ғана деп. Менің жасыма келгенде білесіңдер. Бұл өмір зу етіп өтіп кетеді", — дейді президент. 

Сондықтан уақытты текке өткізбей, бір мамандықтың түбіне дейін жетіп, бейнеттің зейнетін көруге кеңес берді.

"Басқаға уақытың жетпейді. Бәріміз қартайған кезде, бізге де қамқорлық керек болады. Сондықтан еліміздің жарты миллионға жуық студент жасы үкіметтік емес ұйымдармен бірге мұқтаж жандарға елеулі көмек көрсете алады. Үйлерінде жалғыз отыратын, ешкімі жоқ қариялар бар. Солардың тізімін алып, анда-санда бір барып "қалың қалай, ата?" деп батасын алсаң, бәрімізге жақсы емес пе?!", — деді Назарбаев.


Тақырып бойынша

2019 жыл – Жастар жылы
Қазақстанда жастар үшін бөлек тұрғын үйлер салынады
Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды
Кілт сөздер:
жастар жылы, қарттар үйі, балалар үйі, жетім балалар, Назарбаев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып