17:54 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Лекарства

Дәрігерлер қатерлі ісіктің ең қорқынышты түрлеріне қарсы ем ойлап тапты

CC0 / Myriams-Fotos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
987 0 0

Зерттеу барысында анықталғандай, дерттің ағзаны меңдеп кетуіне мүлдем жол бермей, жойып жіберуге болады

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінің генетик ғалымдары мен онколог дәрігерлері анықтағандай, қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің (мәселен, миелобласттық лейкоз) өз "биологиялық сағаты" бар, ал осы механизмнің қызметін бұзу аурудың меңдеп кетуінің алдын алып қана қоймай, аз уақыт ішінде рак жасушаларының әлсіз тұстарын табуға мүмкіндік береді.

Eurek Alert хабарлағандай, дерттің ағзада тарала бастауына кедергі келтіру мақсатындағы алғашқы тәжірибелер көрсеткендей, GO289 молекулаларын пайдалану рак жасушаларының "өмір сүру ритмін" бұзып, оларды "ұйықтатып тастайды", сондықтан қазірдің өзінде қолда бар дәрі-дәрмектердің көмегімен аурудың көзін жоюға болады.

Зерттеушілердің түсініктемесіне сүйенсек, GO289 өте күшті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді – рак жасушаларының қорғаныс функцияларын өшіріп, науқасты тезірек емдеуге мүмкіндік береді, бұл тышқандарға жасалған зертханалық тәжірибелер барысында бірнеше рет дәлелденді.

Ғалымдар GO289 молекуласының рак жасушаларының метаболизміне, сондай-ақ олардың ағзада таралуына жауап беретін басқа функцияларына теріс ықпал ететінін дәлелдеген.

Бұдан бұрын Пенсильвания университетінің мамандары адам иммунитетін рак жасушаларын тауып, жоюға мәжбүрлеудің жолын тапқан болатын.

Тақырып бойынша

Ғалымдар жүкті әйелдерге неге көп ұйықтауға болмайтынын айтты
"Миллиондаған адам қырылады": ғалымдар жаһандық апат пен аштықтың алдын алу жолын айтты
Ғалымдар аз ұйқының адам өміріне орасан зор қаупін дәлелдеді
Ғалымдар күндізгі ұйқының неге қауіпті екенін анықтады
Ғалымдар ішімдіктің қарттарға пайдасын анықтады
Ғалымдар өмір жасын ұзартудың ең оңай әдісін анықтады
Ғалымдар қандай адамдардың тез қартаятынын анықтады
Өмірге қауіпті: Ғалымдар теңіз суының тартылуына байланысты дабыл қақты
Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
Ғалымдар әжімге қарсы ем ойлап тапты
Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты
Кілт сөздер:
қарсы ем, рак, ғалымдар, қатерлі ісік, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып