07:19 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Динагүл Тасова

Астаналық экс-депутат: енді төсімді жалаңаштап шықпаймын

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
929 0 0

Динагүл Тасова Астана жастар мәслихатында бір жыл депутат болған

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Астанада өткен сән көрсетілімінде төсін жалаңаштап, басы дауға қалған депутат-модель Динагүл Тасова қандай жағдайда подиумға төсін жалаңаштанып шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тасованың айтуынша, жастар мәслихатында ол бір жыл депутат болған.

"2018 жылдың басында жастар мәслихатының депутаты болдым. Уақыты бір жылдық болатын, сондықтан мерзімі 31 желтоқсанда аяқталды. Өз мандатымды өте жақсы қорғап шықтым деп айта аламын. Өйткені бұл сала бойынша біраз жұмыс атқарылды. Бірақ, олардың ешқайсысы сән көрсетіліміне қатысы жоқ", — деді модель Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында. 

Ол егер ұсыныс түсіп жатса, қайтадан депутат болуға қарсы емес екенін білдірді. 

"Егер маған қайтадан жалғастырыңыз десе, онда келісемін. Бірақ подиумға төсімді жалаңаштап шықпаймын. Өзіме осындай шарт қойып отырмын. Бұл мемлекеттік емес, қоғамдық ұйым емес. Дегенмен, маған соңғы кездері жастар сізден үлгі алады, осының бәрі сіз себепші болып жатырсыз деп жиі айтады. Сондықтан осы жағын ескергендіктен, іш киімсіз шықпаймын", — деді Тасова.

Қазір астаналық қыз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға психологиялық және заңдық тұрғыда көмек көрсететін "Нәзік жүрек" қоғамдық ұйымын ашпақшы.

Тақырып бойынша

"Жалаңаш суретіңді жариялаймын". Атырауда жас қыздарды зорлаған жігіт ұсталды
Қазақстанның батысында жартылай жалаңаш қыздар көлік жуып жатыр - видео
Сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған блогерге тараздық апалы-сіңлі жауап берді – видео
Ашық-шашық киіммен пианинода ойнаған қыз жұрттың сөзіне қалды - видео
Өзбек әншісі клипке ашық-шашық киіммен түскені үшін лицензиясынан айырылды
"Ұят жоқ!": әртістердің ашық-шашық көйлектері – фото
"Отанына оралтқым келеді". Болманов ашық-шашық киінетін әріптестерін сынады
Кілт сөздер:
модель, депутат, Динагүл Тасова, Астана
Загрузка...

Басты тақырып