13:28 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Арық қыз

Неге кей адамдар қанша тамақ жесе де семірмейді?

© Foto: СС0 / Free-Photos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3170 0 0

Ғалымдар анықтағандай, бұл жағдайда ешқандай диета қауқарсыз. Бәрі әр адамның ДНҚ-сына байланысты

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Кембридж университетінің ғалымдары 14 мың адамға қатысты деректерді зерттеп, арық жандардың генетикалық тұрғыда сымбатты дене бітіміне бейім келетінін анықтады.

Барлық ғылыми іріктеменің ішінен адамдар дене массасының индексі төмен әрі денсаулығы мықты 1600 адамды таңдап алады. Осы жандардың 40 пайызы тамақты талғамай жей беретінен, бірақ артық салмақ қоспайтынын айтқан.

Зерттеудің екінші кезеңінде генетиктер арық адамдардың биологиялық деректерін жинап, саралау барысында бұл жандардың басым көпшілігінде зат алмасу процесін жеделдететін "арықтық гені" бар екенін анықтапты.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, зат алмасу процесінің жылдамдығына жауап беретін гендерді толығырақ зерттеу нәтижесінде семіздік проблемасын бір жолата шешудің жолын табуға болады. Бұл гендер жұмысының механизмін негізге алып зерттеушілер семіздікке қарсы дәрі жасап шығармақ. Алайда бұл дәрі көпшілікке танымал май кетіргіш препараттарға мүлдем ұқсамайтын болады.

Тақырып бойынша

Ешқандай диетасыз арықтаудың құпиясы ашылды
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар ашығудың қандай пайдасы бар екенін анықтады
Жапон халқы неге семіздікке шалдықпайды?
Кілт сөздер:
семіздік, ғалымдар, дұрыс тамақтану, диета, арықтау
Загрузка...

Басты тақырып