Қоғам

Астаналықтар бір тәулік бойы көлік картасына ақша сала алмайды

© Sputnik / Ксения ВоронинаКарта
Карта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбі кешкі сағат 18:00-ден бастап жексенбі сағат 18:00-ге дейін жол картасына қашықтықтан ақша толтыру қызметтері істемейтін болады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Астана қаласының жолаушылары 26-27 қаңтар күндері Astra Plat жол карталарына ақша сала алмайды.

Астанада көлік картасын қайдан алуға болады? - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Астанада көлік картасын қайдан алуға болады?
26 қаңтар күні кешкі сағат 21:00-де қоғамдық көліктерге қызмет көрсететін Astra Plat компаниясының серверінде техникалық жұмыстар басталады.

Демалыс күндері қашықтықтан ақша толтыруға мүмкіндік беретін барлық қызмет тоқтатылады, деп хабарлайды Astra Plat баспасөз қызметіндегілер.

Бұл осы уақыт ішінде Qiwi, Kaspi.kz және transcard.kz және интернет банкинг арқылы жол картасына ақша аударуға болмайды деген сөз.

Астана қаласында қоғамдық көлікте қолма-қол ақша беретін болсаңыз, 180 теңге (0,48 доллар — ), ал карта арқылы төлесеңіз, 90 теңге (0,24 доллар — ) бересіз.

Жаңалықтар
0