07:56 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Димаш Құдайберген

"Мен тек әншімін": Димаш Қытайдағы қандастар туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Димаштың жұлдызды жолы (104)
225410

Жас әнші бұл мәселенің тезірек шешілгенін қалайтынын жасырмады

АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесінен хабардар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Димаш Құдайбергеннен Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесін көтеру ойыңызда бар ма деп сұрады.

Жас әнші Қытайдағы қандастардың мәселесінен хабардар екенін, алайда өзінің халықаралық дәрежедегі дипломат емес екенін айтты.

"Олар "жаным қазақ" деп соғатын өзіміздің адамдарымыз және ол кісілердің тағдыры біз үшін ешқашан да қызықсыз болып қалмайды. Енді, сөздің шыны керек, қолымнан келсе, бәрін берер едім. Бірақ мен халықаралық дәрежедегі дипломат емеспін. Менің қолымнан тек ән айту ғана келеді. Мен тек әншімін", — деді Құдайберген. 

Ол этникалық қазақтардың проблемасы өзіне де ауыр тигенін атап өтті. 

"Қазір мен өзімді тек әнші есебінде көріп, бұл мәселе бойынша алаңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Менің де жүрегіме ауыр тиді. Мен де барынша бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ мен саясаттағы үлкен тұлға емеспін, мен әншімін", — деді Димаш Құдайберген.

Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (104)

Тақырып бойынша

"Айды аспаннан бір-ақ шығар": тыңдармандары Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді
Димаш қатысатын халықаралық байқауда Нұртас қазылар алқасында болады
Димаш Құдайберген тыңдармандары біле бермейтін кемшіліктері туралы айтты
Танымал рэпер: Димаш Қытайға бармай тұрып бәрің қайда болдыңдар?
"Дәуірдің үздік әншісі": Димаш Құдайберген нешінші орын алды
Димаш Құдайберген: алдарыңызда басымды иемін...
Кілт сөздер:
Қытайдағы қазақтар, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырыптар