Қоғам

Астанада сұрапыл аяз: Елорда әкімі жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАстана. Виды города. Композиция "Волк" на бульваре "Нуржол". "Байтерек"
Астана. Виды города. Композиция Волк на бульваре Нуржол. Байтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімі ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш жасады

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы аязға байланысты жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

Астанада боран басталып, аяз күшейді. "Қазгидрометтің" ақпараты бойынша 5 ақпан күні Астана аумағында қар, бұрқасын, батыстан, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр, 6-7 ақпанда түнде 37-39 градус қатты аяз болады. Осыған байланысты қала әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш айтты, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мужчина во время снегопада - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазгидромет ескертеді: Қазақстанға қатты аяз келе жатыр

Әкім барлық ұйымдардың басшыларына және жеке кәсіпкерлерге қарата аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу, тұрғын үй-жайлардағы жылуға, сондай-ақ, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса бойын жылыту үшін ыстық шай беруге шақырды.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қатты аяз күндері тұрғындарға мұқият болу, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, жаяу жүргіншілерді мүмкіндігінше жеткізіп салғандары дұрыс.

Қала басшысы мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік объектілер (базарлар, СОСО) және құрылыс алаңдарында жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды. Ал қала тіршілігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру қызметі, полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызмет қызметкерлері әдеттегі кестемен жұмысын жалғастырады.  

Қазгидромет синоптиктері ақпан айына ауа райы болжамын жасады

Аудан әкімдері ПИК-термен бірлесе отырып тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін пысықтау тапсырылды.

Жаңалықтар
0