07:13 17 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Астанадағы өрттен қаза тапқан 5 қыздың жаназасы

Астанадағы 5 қыздың қазасынан ақша тапқысы келетін алаяқтар пайда болды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2586 0 0

Өрт салдарынан бес апалы-сіңлілі қаза болғаннан кейін алаяқтардың жұмысы жандана түсті

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астанада болған трагедия бүкіл елді есеңгіретіп тастады. Көптеген қазақстандық бірден бес баласынан айырылып қалған отбасыға көмектесуге асықты. Астана полициясы өрттен зардап шеккен отбасыға қаражат жинау кезінде алаяқтық жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ақша аударуға болатын банк карталарының реквизиттері көрсетілген ақпарат тарағаны хабарланды.

"Қырағылық танытуды сұраймыз! Еш уақытта белгісіз адамдарға ақша жібермеңіз. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін көмек қолын созғысы келетіндердің барлығын қаржыны ресми есепшотқа жіберуге шақырамыз", - деп хабарлады полиция департаменті.

Ведомстводағылар қазір қаза тапқан қыздардың анасы – Ситер Жанымгүл Амангелдіқызының атына ашылған бір ғана шот бар екенін атап өтті.

Астанада бес баласынан айырылған отбасы туралы толық мәлімет жарияланды

Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Кеше апалы-сіңлілі қыздар жер қойнына тапсырылды, жаназаға мыңдаған астаналық келді.   

Тақырып бойынша

Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт – оқиға орнынан видео
Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді
"Туыстары түнде тексеріп кеткен": бес баланың өмірін қиған өрттің мән-жайы
Кілт сөздер:
трагедия, өрт, Астана
Загрузка...

Басты тақырып