14:04 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Бала

"Астанадағы трагедиядан кейін": Қазақстанда бала құқығын қорғайтын кеңес құрылды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Бес баланың қазасы (21)
222 0 0

Әшімбаев елордадағы қайғылы оқиға бәріне сабақ болуы керектігін атап өтті

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. "Нұр Отан" партиясының жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нұр Отан" партиясы көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсетіп, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауды одан әрі жандандыруды қолға алмақ.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев кеңес құру туралы идея көптен бері айтылып жүргенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, Астанада болған қайғылы оқиға кеңестің құрылуын жеделдетті. Бұл ауыр трагедия, бұдан бәріміз сабақ алуымыз керек. Болашақта мұндай трагедия қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет", - деді Әшімбаев кеңестің алғашқы отырысында.

Астанадағы трагедия: кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға пәтер алып бермек

Аталған кеңес әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді.

Кеңестің басты мақсаты – көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсету және жұмыс істейтін көп балалы аналарға лйықты жағдай жасау туралы ұсыныстар мен шаралар даярлау, сондай-ақ балалар құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заңнамаларды талдау.

Сағынтаев бес баланың қазасынан кейін әкімдерге тапсырма берді

Тақырып:
Бес баланың қазасы (21)

Тақырып бойынша

"Ешкімнің басына бермесін" Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтты
"Кеше барып көңіл айтты": министр Әбілқасымова үкіметке неге келмеді?
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді
Астанадағы 5 қыздың қазасынан ақша тапқысы келетін алаяқтар пайда болды
Бес баланың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін екені анықталды
Кілт сөздер:
балалар құқығы, қайғылы оқиға, Астана
Загрузка...

Басты тақырыптар