14:05 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Ересек адам мен бала

Балалар құқығын қорғау кеңесі немен айналысады?

CC0 / StockSnap
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Қазақстанда президенттің тапсырмасымен "Нұр Отан" партиясы жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Кеңес төрағасының орынбасары, "Балалар құқығын қорғау" қоғамдық қорының құрылтайшысы Динара Закиева кеңестің мақсат-міндеттеріне кеңірек тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президентінің тапсырмасымен  "Нұр Отан" партиясы жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы басталды. Динара Закиева кеңестің ең бірінші міндеті – мәселенің алдын алу екенін атап өтті. Кеңес әр өңірде күн сайын жұмыс істейтін болады.

"Кеңес жұмысы аясында біз балалар құқығын қорғаудың алғашқы қазақстандық бірыңғай әлуметтік платформасын құруды жоспарлап отырмыз. Оған барлық мемлекеттік орган кіріктіріледі. Кез келген азамат, кез келген бала осы порталға жүгініп, арыз-шағымын, ұсынысын қалдыра алады. Порталға түскен өтініштің барлығы тіркеліп отырады, ешқайда жоғалып кетпейді. Әр адам өз мәселесінің қалай шешілгенін бақылай алады", - деді ол.

Айтуынша, бірыңғай платформаны ІТ-компания тегін әзірлеп берген. Енді тек жетілдіріп, мемлекеттік органдарды кіріктіру қалды.

"Ең алдымен, біз баланың ең бірінші кезектегі қажеттіліктерін назарға алып отырмыз. Қазіргі таңда балалардың 11 проценті қиын жағдайда өмір сүреді. Жетім және қамқоршысыз қалған балаларға жағдай жасау біздің басымдығымызға айналуы тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, аталған кеңес қиын жағдайда қалған және көп балалы отбасыларға консультативтік-заңгерлік көмек көрсетеді. Бұған қоса, кеңес мүшелері бюджет қаржысын түрлі бағытқа бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Астанадағы қайғылы оқиға: бизнесмен тұрмысы төмен отбасыға пәтер сыйлағысы келеді

"Елімізде сал ауруына шалдыққан 19 мың бала бар, олардың дені Түркістан облысында тұрады. Ақшаны бөлген кезде өңірлік қажеттілікті ескеріп, тиісінде оңтүстікке көбірек квота бөлу керек", - деп санайды Закиева.

Аталған кеңес бала құқығын қорғау саласындағы халықаралық институттармен ынтымақтасып жұмыс істеуге әзір.

Көпбалалы отбасыларды қолдау күшейтілмек - Назарбаев тапсырма берді

Тақырып бойынша

Мамандар ата-әженің қолында өскен баланың болашағы қандай болатынын айтты
Қазақстанда балалар судьясы мен прокурорлары пайда болуы мүмкін
Қазақстанда бала асырап алу үшін не істеу керек?
Загрузка...

Басты тақырыптар