14:38 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Өрт

Астана әкімдігі "времянкалардың" мәселесін шешуге уәде берді  

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Бес баланың қазасы (21)
23601

Қала билігі тұрғындардың өмірін жақсарту үшін кешенді шешім қабылдағалы отыр

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "времянкалар" мен тұрмысы нашар көпбалалы отбасылар мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.

"Проблемаларды анықтау үшін қазір қала шеттеріндегі ауылдарда түгендеу жүргізіліп жатыр, бұл мәселеге біржақты қарауға болмайды", - деді қала басшысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі коллегиясының отырысынан кейін.

Әкімдік "Нұрлы жер" аясында бірнеше бағдарламаланы біріктіру арқылы кешенді шешім қабылдау туралы мәлімдеді.

"Белгілі бір ресурстар бар. Мысалы, ескі үйлерді бұзу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, қазір алданып қалған үлескерлердің мәселесін шешуге қаражат бөлдік, біз осы ресурстармен қатар "Нұрлы жер" аясында баспана салу бағдарламасын біріктіре отырып, қала шетіндегі проблемаларды шешіп жатырмыз", - деп атап өтті Сұлтанов.

Осы бағыттағы жұмыс алға ілгерілеуі үшін, әкімнің пікірінше, төлеу қабілеті мен әлеуметтік жәрдем көзқарасы тұрғысынан қарастырып, жұмыспен қамту жол картасы, жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету және басқа да бағдарламалармен біріктіріп жан-жақты қарастыру керек.

Үкіметте құрылған жұмыс тобы бірқатар ұсыныстар жасайды. Әкімдікте де комиссия мен жұмыс топтары құрылады.

Тақырып:
Бес баланың қазасы (21)

Тақырып бойынша

Қазақстанда бала туғаны үшін ипотеканы өтеу ұсынылды
Қазақстанға қандай табиғи апаттар қауіп төндіретіні айтылды
"Астанадағы трагедиядан кейін": Қазақстанда бала құқығын қорғайтын кеңес құрылды
Балалар құқығын қорғау кеңесі немен айналысады?
Кілт сөздер:
баспана, Бақыт Сұлтанов, әкімдік, Астана
Загрузка...

Басты тақырыптар