02:39 22 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Деньги

Жасыл бақа, сыпыртқы және өрмекші: Үйге ақша шақыратын ырымдар

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
520310

Қызыл түсті әмиян, жасыл бақа, өрмекші – мұның бәрі қалтаңыздың қалыңдауына сеп болады

АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақ – өте ырымшыл халық. Содан болар, "ақшам көбейіп, қалтам қалыңдаса" екен деп, өз білгенінше ырым жасайды. Бүгін біз сіздерді ақша шақыратын ырымдармен таныстырамыз.

  • "Нан қиқымын жесең, бай боласың" дегенді естімеген қазақ кемде-кем шығар. Мұның астарында байлықтан бұрын, халқымыздың "ас атасы – нанға" деген құрметі жатса керек.
  • Ақша шақырады деген бұйымдар қазір өте көп, соның бірі де бақа мүсіні. Алайда оны таңдаған кезде, мына бір нәрсені есте ұстаған абзал: темірден жасалған бақалар ешқашан ақша шақырмайды, тек ағаштан жасалғанын алыңыз. Ақшаны жасыл және қара бақалар тартады.

Тағы оқыңыз: Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі

  • Сандықтың түбіне алтын жасырып, ақшаны күніне үш-төрт рет қайтара санаған жөн.
  • Күн батқаннан кейін ақша санауға, біреуден алуға және беруге болмайды, кірер табысыңыз азаяды.
  • Ақшаны алған мезетте жұмсап жібермеңіз, оның үйде "түнегені" дұрыс екен.
  • Қас қарайғанда үй жинау табыстың жоғалуына әкеледі, сондықтан үйді таңертең немесе күндіз тазалаған абзал;
  • Қонақтар кете салысымен, үйді сыпыруға болмайды. Әйтпесе үйдегі молшылық пен байлық солармен "еріп кетеді" деген наным бар.
  • Бөлмеде өрмекші жүргенін байқасаңыз, оның көзін құртуға асықпаңыз – жәндіктің пайда болуы ақшалай кірістен хабар береді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізу ұсынылды

  • Сыпыртқыны басын жоғары қаратып, үйдің бұрышына қойған дұрыс. Сол кезде сіздің шаңырағыңызға кедейлік жоламайды.
  • Бай адамның әмиянын бір уақыт өзіңізбен бірге ұстап жүрсеңіз, сіздің де қалтаңыз қалыңдап, ақша сақтауды үйренеді деген ырым бар.
  • Табалдырықтың астына күміс тиынды жасырып қойыңыз, үйге кірген кезде үнемі "ақша да менің артымнан кіріп жатыр" деп айтып жүріңіз.
  • Дүкенде немесе мейрамханада есеп айырысқан кезде, қайтарған ақша мыжылған яки кір болса, бірден басқасына айырбастап беруін өтініңіз.
  • Байлық пен сәттілік символы ретінде өзіңізбен бірге үнемі сирек кездесетін монета немесе доллар купюрасын ұстап жүруге кеңес береміз.
  • "Біреудің ақшасын санамаңыз" деген мәтел тектен тек пайда болған жоқ. Егер біреудің байлығы мен табысын есептеп, әңгіме қылсаңыз, онда өз әмияныңызда ақша көбеймейді.
  • Біреуге əмиян сыйға тартқан кезде, міндетті түрде ішіне тиын немесе қағаз ақша салыңыз. Бос күйінде беруге əсте болмайды.
  • Сейсенбі күні қарыз сұрағандар кем дегенде бip ай бойы қарызда жүреді деген де бар.
  • Күн батып бара жатқанда, үйден су, қоқыс, ақша шығармаңыз.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаты қайыршыларға ақша беретін адамдарға айыппұл салуды ұсынды

  • Тағы бір қызықты ырым: үйіңізге ақша шақырғыңыз келсе, тырнақты сейсенбі немесе жұма күні алыңыз.
  • Əмиян мен ақшаны түнде үстел үстіне қалдыруға болмайды, қаржылық шығынға ұшырауыңыз әбден мүмкін.
  • Сол алақаныңыз қышыса, жуық арада ақша ұстайсыз деген ырым бар.
  • Үйге ақша шақырудың тағы бір жолы – əмиянды немесе ірі ақшаны түні бойы терезе алдына қойып қою.
  • Ақшаңыз көп болғанын қаласаңыз, қызыл жəне алтын түстес əмиян ұстаңыз.
  • Жерде жатқан тиынды көтеру – өмір бойы кедейшілікте өмір сүру.
  • Жаңа туған айға əмиянды көрсетсеңіз, таршылық көрмей өмір сүресіз.
  • Дастарханды губка немесе шүберекпен сүртіңіз, ешқашан алақанмен сүртуге болмайды.
  • Үйде ақша ағашын өсіру де – байлық тартудың бір жолы.
  • Ақша ұқыптылықты ұнатады. Сондықтан ақшаңызды әрдайым әмиянда ұстаңыз. Қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса, кіріс кірмейді.

Тақырып бойынша

Гонконгта миллионер кедейлер үшін аспаннан ақша жаудырды
Қазақстандықтардың тамаққа қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды
Астанадағы 5 қыздың қазасынан ақша тапқысы келетін алаяқтар пайда болды
Сенат депутаты: кімнің қолында ақша бар, сотта сол жеңеді
Астаналықтар бір тәулік бойы көлік картасына ақша сала алмайды
Кілт сөздер:
табыс, байлық, өрмекші, әмиян, ырым, ақша
Загрузка...

Басты тақырып