15:00 22 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.05
  • EUR428.25
  • RUB5.84
Галстук

Назарбаевтың сөзінен кейін: дипломаттар отандық костюм-шалбар кие бастады

CC0 / Free-Photos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
132 0 0

Қазір СІМ отандық киім-кешек шығаратын компаниялардың тізімін жасап жатыр

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері отандық өндірістен шыққан киім-кешекті сатып ала бастады. Бұл туралы бүгін сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін қаңтар айының соңында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті әкімдер мен министрлерді отандық киім киюге шақырған болатын. Бүгінде кейбір құзырлы органдар мұны бастап та кетті.

Смадияровтың айтуынша, қазір сыртқы істер министрлігі отандық киім-кешек шығаратын компаниялардың тізімін жасап жатыр.

"Қазақстандық компаниялар бізге өз каталогымен жүгінді. Қазір бұл жұмыс жүріп жатыр. Тізім дайын болғаннан кейін, барлық дипломатқа жібереміз. Кейін олар өздері қаласа, сол компаниялардың бірін таңдап, отандық костюм-шалбар сатып ала алады", - деді ол апта сайынғы брифингте. 

Смадияров алысқа бармай-ақ, өзін мысалға келтірді.

"Мен кеше отандық компаниялардың біріне барып, жеңілдікпен 85 мың теңгеге костюм сатып алдым. Сапасы көңілімнен шықты, шетелдікінен еш кем емес", - дейді ол.

Айтуынша, өзі сатып алған жерде қазақстандық өндірістен шыққан костюм-шалбардың бағасы 20 мыңнан 120 мың теңгеге дейінгі аралықта.

"Бәрі отандық киімді ғана киіп жүруі керек деген талап жоқ. Ешкімді мәжбүрлемейміз", - деді Смадияров.

Тақырып бойынша

Киім-кешек алу үшін Қытайға барған әйелдер жолда үсіп қала жаздады
Енді қажылардың бірыңғай киім үлгісі болады
Индустрияландыру күні елімізде 18 өндіріс орны іске қосылады
Мемлекет басшысы көлік шығаратын отандық кәсіпорынның жұмысымен танысты
Кілт сөздер:
ұлттық костюм, сыртқы істер министрлігі, өндіріс
Загрузка...

Басты тақырып