Қоғам

"Жынымды келтірмеңізші" деген вице-министр журналистерден кешірім сұрады

© Photo : сайт Министерства национальной экономики РКСерік Жұманғарин
Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын шенеуніктің тілшіге берген жауабы желі қолданушыларының наразылығын тудырып, қызу талқыға түскен еді

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин тілшінің тарифке қатысты қойған сауалына өрескел жауап бергені үшін кешірім сұрады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.

"Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын"- деді вице-министр.

Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің жауабы жұрттың қызу талқысына түсті - видео

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі диалог орнатуға және ролик бойынша берілген сауалдарға жауап беру үшін алаң мен спикер ұсынуға әзір екенін атап өтті.

Естеріңізге сала өтсек, шағын және орта бизнес туралы шараға келген журналист вице-министр Серік Жұманғаринге тарифтер туралы сауал қойған.

"Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф туралы сұрауға келдіңіздер ме? Маған ресми келіңіздерші, мен сізге тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші", – деп ұлттық экономика министрінің орынбасары бірден жауап беруден бас тартқан. 

Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Біреулер тариф үшін бұл кісіге президент желтоқсанда Қауіпсіздік кеңестің отырысында сөгіс жариялағанын еске алып, "содан "тариф" сөзін естісе төбе шашы тік тұрады" деп жазып жатса, енді біреулері тілшілердің жауапты шенеунікке кез келген жерде кез келген сұрақты қоюға құқығы бар екенін айтады.

Жаңалықтар
0