00:16 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Нұрсұлтан Назарбаев 100 жаңа есім жеңімпаздарымен кездесуде

Назарбаев: бірде-бір бақытты миллиардерді көрген емеспін

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
613 0 0

Президент адамды тек еңбекпен табылған дүние ғана бақытты ететінін атап өтті

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды аянбай үздіксіз еңбек етуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлығының негізінде адамның еңбегі жатыр. Еңбексіз келген жетістік – бұл бақыт емес. Ата-анасынан қалған байлықпен бай болуға болады, бірақ одан пайда жоқ. Өмір көрген, тәжірибелі адам ретінде мынаны мәлімдей аламын: мен бірде-бір бақытты миллиардерді көрген емеспін", - деді Назарбаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жеңімпаздарымен кездесу барысында.

Президент адамды тек еңбекпен табылған дүние ғана бақытты ететінін атап өтті.

"Мен сендерге өз-өзіне қол жұмсаған немесе өмірін темір тордың ар жағында өткізген миллиардерлердің тізімін келтіре аламын. Аспаннан түскен ақша... Бір қарағанда, ол ақша бақыт әкелетіндей болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ешқандай қиындыққа қарамастан адал еңбекпен ақша тапқан адам ғана бақытты", - деді Елбасы.

Ол жастарға істі бастап, соңына дейін жеткізуге кеңес берді.

"Адамның мүмкіндіктері шексіз. Барлығы қолынан келеді. Ерте жастан аянбай еңбек еткендер ғана табысқа кенеледі. Ал басын бастап, орта жолда қолды бір сілтесең, ештеңе де шықпайды. Ұлы адамдардың бәрі осыдан өткен", - деді Назарбаев.

Айта кетсек, бүгін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының екінші кезеңі қорытындыланды. Жобаға 2388 өтінім түскен. Сарапшылар тобы 200 үміткерді іріктеп алды. Соңғы онлайн дауыс беру арқылы 29 адам жеңімпаз атанды.

Тақырып бойынша

Назарбаев "левый берег" салғыштарды сынады
Назарбаев сымбатты болу үшін не істеу керектігін айтты - видео
Конституциялық кеңес Назарбаевтың өтінішіне түсініктеме берді
"Актриса болуды армандадым": Бірінші ханым Сара Алпысқызы туралы не білеміз?
Назарбаев: біз қалып қалған елміз
Загрузка...

Басты тақырып