Қоғам

Президент жуырда қайтыс болған ұстазын еске алды

© Photo : АкордаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы білім нәрімен сусындатқан ұстазын ешкім де ұмытпайтынын айтты

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "100 жаңа есім" жеңімпаздарымен кездесу кезінде дүниеден өткен тарихшы ұстазы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: осынша жұмыс тұрғанда, өз тәнін ақшаға сату – ұят

Президент математиканы жақсы көрмейтін кішкентай танысын мысалға келтірді.

"Мен әрі-бері ойланып, мұғалімді алдым. Сөйтсем, ағылшын мектептерінде көбейту кестесін оқытпайды екен. Таңым бар – оларда басқаша. Көбейту кестесін әкеліп бердім де, жаттап ал, сосын менен сұрайсың дедім. Күн сайын келіп, тоғызды жетіге көбейткенде неше болады деп сұрайды. Бірден жауап беремін. Таңғалады. Айтпағым, балаға білім беретін мұғалім. Білім нәрімен сусындатқан ұстазымыз бәріміздің есімізде", - деді Назарбаев кездесу кезінде.

Осы орайда ол жуырда 97 жасында көз жұмған мұғалімін еске алды.

"Жақында менің мектептегі ұстазым 97 жасында қайтыс болғанын хабарлады. Ол тарихшы болған еді. Исаев. Екінші мұғалімім Қарасаев – математик. Ол біздің осы мамандыққа деген махаббатыымызды оятты. Егер сол кісі болмағанда, мен инженер-металлург болмас едім. Себебі математика барлық жерде керек", - деді мемлекет басшысы.

Назарбаев жаратылыстану ғылымдары балалар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

"Ақпараттық технологиялар – математика, жасанды интеллект – математика, ғарыш – математика. Барлығы математика. Математика, физика, химия – бәрі осыдан пайда болады", - деп түйіндеді сөзін президент.

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен жүздесті. Екінші кезеңде республиканың 29 азаматы жеңімпаз атанған.

Жаңалықтар
0