15:35 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Оқушы

Енді оқушылардың соққыға жығылғаны түсірілген видео желіде тарап кетпейді

CC0 / Wokandapix
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
323 0 0

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл бастаманы қолдады

АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтпек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ең алдымен, психологтар мен мұғалімдерге ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі беріледі.

"Facebook, YouTube және тағы басқа желілерде жарияланған негативті видеоны көрсе, тікелей министрлікке шыға алады. Бізде қазір психолог немесе мұғалім ақпарат және коммуникациялар министрлігімен байланысқа шығу үшін 2 апта уақыт кетеді. Біз енді оны бір сағатқа дейін қысқартпақпыз", - деді Сағадиев білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Айтуынша, оқушылардың соққыға жығылғаны түсірілген бейнероликтер екі апта бойы желіде жүрмес үшін, АКМ бірден өшіруге мүмкіндік берген. Осы орайда Сағадиев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа бастаманы қолдағаны үшін алғысын айтты.

Сонымен қатар, білім министрлігі екі жыл ішінде мектеп, балабақшаларды бейнекамерамен жүз процент қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұған қоса, психологтарды қайтадан оқыту курстарынан өткізбек.

"Мектепке кіргізуге болмайтын тыйым салынған заттар реестрі бекітілді. Кеше мен оған қол қойдым. Мектептер үшін бұл міндетті. Бұған қоса, енді мектеп инспекторларының жұмысқа келу және кету уақытын мектеп директоры белгілеп, қадағалап отырады", - деді Сағадиев.

Сондай-ақ, министрлік зорлық-зомбылық жиі болатын мектептердің директорларын қызметінен босату туралы ұсынысты жариялы түрде білдіретін болады.

Бұдан былай кейбір заттарды мектепке алып кіруге болмайды

Жасөспірімдер қылмысын алдын алу мақсатында оқушыларға жазаны өтеу орындары көрсетіледі. Бұл әлемдік тәжірибе, деді Сағадиев.

Тақырып бойынша

"Өмірі 40 теңге тұра ма": Кондуктор қатты аязда 8 жасар оқушыны автобустан түсірген
Мұз айдынындағы төбелес: Ақтөбе облысында мектеп оқушысы көз жұмды
Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді
Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды
Балаларды ұрып-соқты: Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде комиссия отырысын өткізбек
Кілт сөздер:
оқушылар, видео, жасөспірімді соққыға жығу, Ерлан Сағадиев
Загрузка...

Басты тақырып