19:40 25 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.38
  • EUR431.05
  • RUB6.02
Баспана

Жастарға арналған баспананы кімдер және қалай алатыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2263 0 0

Жастарға жалдамалы пәтер берген кезде, оның жұмысы, отбасылық жағдайы, "пропискасы", балаларының бар-жоғы ескеріледі

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйді кімдер ала алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, миллион халқы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынады. Баспана жастарға жалға алу тәртібімен берілмек. Жалдамалы пәтерге үміткер бола алатын жастардың санаты осы аптада құзырлы органдармен келісілмек.

"Бізде балдық жүйе қарастырылған. Пәтер үш жыл мерзімге беріледі, осыдан кейін арнайы комиссия келісімшартты ұзарту жайын қарастырады. Бұл бағдарлама бойынша жас отбасы пәтер алған кезде тұрғын үй банкінде бірден есепшот ашуы тиіс", - деді Қалетаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Сонымен қатар, жалдамалы пәтерге аталған қалаларда кемінде 3 жыл тұрған және 29 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады. Бұған қоса, жастар міндетті түрде заңды жұмыс істеуі керек. Пәтер берген кезде, азаматтың отбасылық жағдайы, балаларының бар-жоғы да ескеріледі. Әрбір көрсеткішке балл беріледі.

Қазақстанда ірі қалалардың жастарына пәтер беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің мәліметінше, Астана мен Алматыда 350, ал Шымкентте 300 пәтер салынады.

Олардың бір шаршы метрі 180 мың теңге, пәтер аумағы 40 шаршы метр болмақ. Қазіргі таңда үш қаланың әкімдіктерімен жоба пысықталып жатыр, деп сендірді Жайымбетов.

Сүлейменов 10 жыл бойы ипотека төлеп қиналғанын айтты

Тақырып бойынша

Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды
"7-20-25": қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді
Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алушылардың тізімі жарияланды
Кілт сөздер:
жалдамалы баспана, жастар жылы
Загрузка...

Басты тақырып