Қоғам

"Келіншегімен жататын төсегі де жоқ": жастар мәселесін көтерген депутат неге ашынды?

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАуыл
Ауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл жастарының проблемасын көтерген депутаттың дерегінше, бүгінде 1 миллион 600 мыңнан астам жастың дені – өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев жастар саясатын жүзеге асыратын қоғамдық даму министрлігінің назарын ауыл жастарының проблемасына аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Баспана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жастарға арналған баспананы кімдер және қалай алатыны белгілі болды

Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Жастар саясатына жауапты қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дархан Қалетаев баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Алайда мәжілісмен Омархан Өксікбаев министрдің берген жауаптарына қанағаттанбағанын ашық айтты.

Назарбаев жастарға ақыл-кеңес берді

"Бүгін біз осындай маңызды мәселені бір сарынмен ғана өткізген сияқтымыз. Мені сұраққа берген жалпылама жауаптардың өзі қанағаттандырмай отыр. Себебі тереңдік жоқ, айтылған мәліметтер бір-бірімен сәйкес келмей жатыр, біразына жазбаша жауап қайтарамыз дедіңіздер. Бұл мәселені дұрыс жолға қою керек", - деді депутат.

Ауыл жастарының проблемасын көтерген депутаттың дерегінше, бүгінде 1 миллион 600 мыңнан астам жастың дені өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар.

"Қазір, бәрін урбанизацияға тіреп қойдық. Урбанизация өзіндік сарынмен жүретін шығар, бірақ онда ауылдардың барлығын түгелдей қалаларға көшіреміз бе? Ауылда кім өмір сүреді онда? Ауылдың бәрін құртып, жаппай қалаға көшкен қай елді көрдіңдер? Ауыл шаруашылығын кім дамытады?", - деп ашуланды Өксікбаев.

Ол ауыл шаруашылығының экспорттық потенциалын дамытатын ауыл жастары екенін атап өтті. Алайда, оның айтуынша, ауыл жастарына ешқандай қолдау жасалып отырған жоқ.

Баспана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды

"Ауылда тіпті шаш алғызатын шаштараз да жоқ. Ал енді осының бәрін кім көтеріп, кім дұрыс жолға қояды? Әйтеуір, қолдарында телефоны бар жастар сонымен ғана ақпарат алады. Басқа мәселенің бәрі сыртта қалды... Үйленіп, үйіне келіншегін кіргізсе, сол келіншегімен жататын төсегі де жоқ. Өйткені ауылда үй салынып жатқан жоқ. Біз бәрін қалаға бұрып қойдық. Ал енді ауылдағы үйді кім салып береді? Біз айтқан "7-20-25" бағдарламасы ауыл жастарына қолжетімді ме? Оны ешкім ойлап жатқан жоқ", - деп ашынды депутат.

Ірі қалалардың жастарына пәтер беріле бастайды

Олқылықтың орнын толтыратын кез келген қадап айтқан мәжілісмен министрлік пен депутаттарды мәселені қолға алуға шақырды.

Жаңалықтар
0