20:01 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Пәтер

Жаңа министр полицейлерді баспанамен қалай қамтамасыз етеді?

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
270 0 0

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді қалай баспанамен қамтуды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғымбаев тәртіп сақшыларын үймен қамтамасыз ету проблемасы өте өзекті екенін атап өтті.

"Егер бұрын бізге қызметтік баспана берілсе, қазір ондай құқығымыз жоқ. Мен бұл мәселені көтердім, жергілікті деңгейде әкімдер біздікілерге, ең бірінші кезекте, учаскелік инспекторларға көмектесіп жатыр. Ең бастысы – барлық шалғай ауыл мен кенттерді қамту, тек ірі қалаларда ғана емес, алыс аудандардағы адамдар да біздің қамқорлықты сезінуі тиіс", - деді министр үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, ІІМ жүйесінде 159 мың адам қызмет етеді. Оның құрамына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті мен Ұлттық ұлан қызметкерлері кіреді. Солардың 35 мыңы бүгінде баспанаға мұқтаж екен.

"Біз әкімдерден учаскелік полиция пунктерін жасауды өтіндік. Бір ауылда жұмыс істейтін учаскелік полицей күн сайын таңертең басқа бір ауылға барып жүрмес үшін. Яғни, үйі мен жұмысы бір жерде болады. Халық та сол учаскелік пунктке барып, арыз-шағымын тастай алады", - деді Тұрғымбаев.

Айта кетсек, 12 ақпанда ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс болды. Президенттің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ басшысының орынбасары болған еді. Ал Қалмұханбет Қасымов президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

Осы аптадан бастап қазақстандықтарға баспана үшін миллион теңгеден беріледі
"7-20-25": қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді
Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр
Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды
"7-20-25": Астана тұрғыны пәтер алуға қанша ақша мен уақыт жұмсағанын айтып берді
Кілт сөздер:
Ерлан Тұрғымбаев, полицей, баспана
Загрузка...

Басты тақырып