03:13 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Зейін Әліпбек

Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2974 0 0

Зейін Әліпбек енді Ұлттық музей директорының кеңесшісі қызметін атқарады

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық журналист Зейін Әліпбек ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Зейін Әліпбеков 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған.

Танымал қазақстандық журналист әр жылдары "Жеті күн" ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-редакторы, "Бетпе-бет" және "Yкімет пен әлеумет" бағдарламаларының шығарушы редакторы, Хабар" телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры, "Білім және Мәдениет" телеарнасы директорының орынбасары, "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы-директор орынбасары, "Елорда ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьері-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

ҚР президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл" мерейтойлық медалінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері.

Тақырып бойынша

Ақтөбеде басы бәлеге қалған судья жаңа қызметке ие болды
Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды
Назарбаев Шымкенттің бұрынғы әкімін жаңа қызметке тағайындады
Загрузка...

Басты тақырып